Байқоңырдағы ресейлік мектептердің білім беру бағдарламаларына «Қазақа тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы» сабақтарын енгізу үшін Ресей тарапының рұқсаты керек деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның айтуынша, көрші елдің ағарту министрлігінің келісімі міндетті түрде болуы қажет. Алайда ол жақтан әлі жауап келмеген.
Бұған дейін Үкімет басшысының атына Байқоңырдағы Ресей қарамағында тұрған мектептерде жоғарыда аталған маңызды пәндерді оқыту, балабақшаларда қазақстандық стандартты жүргізу жайлы депутаттық сауал түскен болатын.
Ғарышты игеру мекенінде, дерекке сүйенсек, жергілікті қазақ балалары да баратын 7 мектеп оқу үдерісін РФ талабына сай іске асыруда. ⠀
Тиісті өзекті мәселе қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссияның бөлек отырысында талқыланады деп күтілуде. Осы орайда, Байқоңыр қаласындағы жеті мектептің бірін Қазақстан меншігіне табыстау жайы да байыпталмақ.
Сонымен қатар, мұндағы 16 балабақшаның тек үшеуінде тәрбие қазақ тілінде берілуде.
⠀