• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Қазандықтың бу құбыры жарылды. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі (ВИДЕО)

Бір адам қаза тауып, тағы үш адамды күйік шалған апат салдарынан тұрғындарға жылу беру тоқтамайды.

Басты жаңалықтар, Видео, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Технология
Қазандықтың бу құбыры жарылды. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі (ВИДЕО)
Share on FacebookShare on Twitter

Абай ауданы Топар кентіндегі МАЭС-2-дегі №14 қазандықтың бу құбыры 13 желтоқсан сағат 12.39-да жарылды деп хабарлайды Dalainform тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.

Технологиялық төтенше жағдай салдарынан қазандықтың 1958 жылы туған  кезекші слесары қаза тапты. Тағы үш зардап шегуші Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы аурухананың күйік бөліміне жатқызылды.

«Зардап шеккендер 1980 жылы туған қазандық цехының кезекші слесары, 1971 жылы туған қазандық машинисі және 1975 жылы туған отын-турбина цехының әйел машинисі. Жарақат алғандардың жағдайы тұрақты», – дейді Қарағанды облысы төтенше жағдай департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов.

Жылыту маусымы басталар алдында МАЭС паспорттық бақылаудан өтіп, жұмысқа дайындығы расталған.

Жергілікті билік осы орайда төтенше жағдай Абай мен Топардың жылу және электрмен жабдықталуына әсер етпегенін мәлімдеп отыр. Қазіргі уақытта «ГРЭС Топар» ЖШС-нің 30 адамы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен.

«Станция штаттық режимде жұмыс істейді, жылу жүктемесін толық көтереді. Температура кестесі сыртқы ауаның берілген параметрлеріне сәйкес келеді. Жеткілікті отын қоры бар. Станция барлық функцияларды толық көлемде қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Топар МАЭС «Kazakhmys Еnегgу» ЖШС-не тиесілі. Оның бас директоры Темірлан Өтегенов марқұмның отбасына, сондай-ақ барлық зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетініне сендірді.

Технологиялық бұзушылық дерегі бойынша энергия қадағалау департаменті, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар қызметкерлерінің қатысуымен тергеу жүргізіліп, 10 жұмыс күні ішінде оқыс оқиға себептері анықталуы тиіс.

Аталған МАЭС Топар кентінің 105 үйі мен Абай қаласының 256 үйінің тұтынушылары үшін жылу және электр энергиясын беруді және бөлуді жүзеге асырады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

Тегтер: бу құбырының жарылуықазандықҚарағанды облысыМАЭС-2Топартөтенше жағдай
Алдыңғы жаңалық

12 тонна пропанның жарылуына жол берілмеді

Келесі жаңалық

Пойызда газ баллоны жарылды. Ішінде бала бар 5 адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Пойызда газ баллоны жарылды. Ішінде бала бар 5 адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

Пойызда газ баллоны жарылды. Ішінде бала бар 5 адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться