Қауіпсіздік сертификаты нағыз қысылтаяң сәтте қолданылады. Бұл туралы бүгін тиісті министрліктегі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықова айтты деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Ол сертификатты орнатушылардың барлық дерегі, жүріп-тұруы аңдылатынын жоққа шығарып, тыйым салынған мағлұматтар ғана бұғатталатынына, оқу-жаттығудың алдағы сайлауға байланысты емес екеніне сендірді.
«Жеке деректерді қолдану сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Негізі бұл қадам ғаламторды пайдаланушының өзіне керек», – деген құзырлы орын өкілі отандық арнайы қызметтер мұндай іс-қимылдар барысында ел қауіпсіздігін ойлайтынын жеткізді.
Ал шетелдік алпауыттар, оның айтуынша, өз бағдарламалық қамтулары ғана жұмыс істеуін көздеуде.
Еске сала кетсек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге, 2020 жылғы 6 желтоқсаннан бастап «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуын өткізуде. Себебі, ағымдағы жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, пандемияға және қашықтықтан жұмыс түрлеріне өтуіне байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар 2,7 есеге жиілеген.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізуде қолайсыздықтар туындауда. Оны қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы жоюға болмақ.
Сертификатты орнату бойынша толық ақпарат алу мақсатында байланыс операторларына жүгіну қажет.