• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Қатыгез ананың жантүршігерлік қылмысы министрдің өзін шошындырып отыр

Небары 2 жастағы бүлдіршіннің жазығы қандай еді?

Пікір, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Учаскелік полицейлердің мәртебесі артып, жалақысы көтеріледі. Полиция халыққа жақындай түседі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Share on FacebookShare on Twitter

2 жасар сәбиін өлтіріп, тоңазытқышқа тығып тастаған қатыгез ананың әрекеті ішкі істер министрінің өзін шошындырып отыр деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

«Менің тәжірибемде, жұмыс барысында, өкінішке орай, жантүршігерлік жағдайлар мен қылмыстар аз болған жоқ. Бірақ, қатігез ананың мұндай қандықол қылмысқа баруы – көп сұрақты жауапсыз қалдыруда. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Өз баласының өмірін өзі қиған ана заңды жазасын алады. Бірақ, маңыздысы ол емес. Маңыздысы – баланың жазығы қандай? Айтуға ауыз бармайтын мұндай қылмыстар неге жасалады? Бүгінгі таңда шарасыз шарананы қоқысқа тастайтын, балаларды далада қалдыратын, тіпті қол жұмсайтын деректер жиілеп кетті. Бұған назар аудармасақ болмайды! Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан оларды аман-есен бағып, өсіру – әр азаматтың мойнындағы парыз!», – деп жазды желідегі парақшасында Ерлан Тұрғымбаев.

Жаға ұстатарлық оқиғаға тоқтала кетсек, осы жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал аудандық полициясының кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан.

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындап отыр.

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Тегтер: Алматы облысыбейкүнә сәбиЕрлан Тұрғымбаежантүршігерлік қылмысқатыгез анаполиция
Алдыңғы жаңалық

7 жаста жетім қалу. Әлемдік байқауда әкеге сағынышын жеткізеді (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Қазақстан студенттері Ресейге тек ұшақпен бара алады

Келесі жаңалық
Қазақстан студенттері Ресейге тек ұшақпен бара алады

Қазақстан студенттері Ресейге тек ұшақпен бара алады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться