(Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында молада ескерткіштер мен қоршаулар бұзылды. Қарағанды қаласы жанындағы Пришахтинск кентінің жанында да бейіттер мен олардағы көктастардағы біреулер қиратып кеткен деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
СҚО аудандық полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен үш оқушы ұсталды. Бұзылған құлпытас құрылыстарын жергілікті тұрғындар анықтаған.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын тіркеді. Бір ескерткішке акрил бояуы құйылған. Бұдан бөлек, молада орналасқан шағын шіркеудің терезе әйнектері бұзылған.
Полицейлер бірнеше күн бұрын мола жақта көзге түскен 10-12 жастағы үш жасөспірімді анықтады. Олар өздерінің аталған дерекке қатысын растады.
«Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қосымша тергеу әрекеттері жүргізілуде, аталған амалдар аяқталған соң түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Өлген адамдар жерленген жерлердi қорлау дерегі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодекске 314-бабы бойынша енгізілді», – дейді Айыртау ауданы ПБ бастығы Абылғазы Ғабдуллин.
Қарағандылық тәртіп сақшылары да бейіттердің үстімен жүк көлігімен жүріп өткендерді іздестіруде.
Атырау облысында белгісіз теріс пиғылдылар зиратқа қарай оқ атқан.