• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Қарағандының орталығында өрттен 2 әйел мен cәби көз жұмды (ВИДЕО)

Биыл ғана дүниеге келген нәресте шетінеген қайғылы жағдайға қатысты облыс басшысы пікір білдірді.

Видео, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Сюжеттер
Share on FacebookShare on Twitter

Қарағанды қаласының орталығындағы халық арасында «Гармошка» аталып кеткен көпқабатты үйдің 9-қабатынан өрт шығып, салдарында ондағы пәтерде екі әйел мен сәби көз жұмды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

7 қазан күні сағат 15:08 кезінде Әлімхан Ермеков көшесі, 52-ші үй мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер 8 минуттан кейін оқиға орнына келген.

6 адам құтқарылып, 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың ішінде 10 бала бар. Өрт орын алған жерде ТЖД-нің 32 қызметкері, 8 техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмыс атқарды.

Бір отбасыдан опат болған үш адам: 1942 және 1985 жылы туған әйелдер мен 2020 жылы туған нәресте.

Өрт 16:22 шамасында толық сөндірілді.

Осы орайда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, халықты сақтық шараларын ұстануға шақырды.

«Қарағандыда орын алған өрт салдарынан екі әйел мен кішкентай бала көз жұмды. Бұл орны толмас қаза. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Осы ретте өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салғым келеді. Әсіресе, қазіргідей балаларымыз үнемі үй жағдайында болған кезеңде, электр аспаптары мен пештерді мүмкіндігінше қауіпсіз пайдалану керек. Барлық жауапты органдарға желілер мен қоғамдық орындарды қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тағы да тексеру жүргізуді тапсырамын. Қыс маусымында өрт қаупі артатыны белгілі», – деді ол.

Еске сала кетсек, таяуда Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында ата-анасы үйде жалғыз тастап кеткен 2018 және 2017 жылы туған 2 бүлдіршін өрттен қайтыс болды.

Тегтер: Жеңіс Қасымбеккөңіл айтуқайғылы жағдайҚарағандыоблыс әкіміөртсақтық шараларысәби
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында ұлын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған әйел ұсталды

Келесі жаңалық

«Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер дедім». Тұрсынбек Қабатов кешірім сұрап жатыр (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
«Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер дедім». Тұрсынбек Қабатов кешірім сұрап жатыр (ВИДЕО)

"Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер дедім". Тұрсынбек Қабатов кешірім сұрап жатыр (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться