Тәуелсіздік алғалы 30 жылға жуық уақытта атауы өзгермеген Қарағанды қаласындағы Ленин көшесі биыл 175 жылдығы атап өтілудегі қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай есімін иеленіп, тақтайшалар тағылуда деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Осылайша былтыр кеншілер мекенінде қоғамдық талқылауда көше атауын өзгертуде бюджетке салмақ түссе, шығынды өз мойнына алатынына уәде берген белгілі кәсіпкер, «Нәтиже» компаниясының басшысы Ерлан Әшім сөзінде тұрды.
«Cіздер салық туралы айтып жатырсыздар. Мен кәсіпкер ретінде республикалық бюджетке жыл сайын 250-300 млн теңге, ал, облыстық және қалалық бюджетке 500 млн теңге көлемінде салық төлеймін. Егер көше атаулары өзгеретін болса, бұдан да көп соманы төлеуге дайынмын. Көше бойындағы тақтайшаларды ауыстыру шығындарын өз мойныма аламын», – деген сөзін келтіреді оның жергілікті басылым.
Ерлан Әшім ағамыздың кәсібіне береке тілеймін! Тапқан табысын осындай игі істерге жұмсауы – бәрімізге өнеге.
Опубликовано Arman Isa Понедельник, 5 октября 2020 г.