Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады деп хабарлайды Dalainform тілшісі «Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сүйеніп.
Ол өзімен бірге қар әкеліп, жекелеген өңірлерде қалың қар, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтілуде. Алайда тиісті мерзімнің аяғына қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендей бермек.
Осылайша көпшілік қазақстандық қысты шыңылтыр аязбен қарсы алмақ.
Мәселен, бүгін, 30 қараша Қазақстанның 6 өңірінде – Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ауа райының күрт бұзылатыны ескертілуде.