• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Президент вакцина пандемияны жеңудің жалғыз жолы деп санайды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет барлық шығынды көтеретінін мәлімдеді.

Басты жаңалықтар, Әлем, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Қайырымдылық қаржысы ашық болу қажет. Еріктілік еңбек кітапшасына жазылады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 ақпан Қазақстанда COVID-2019 індетіне қарсы жаппай вакцина салу науқанының басталғанына орай пікір білдірді деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

«Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді», – деп жазды ол.

Мемлекет басшысы екпені қабылдауға денсаулығы жарамайтын адамдардың басқалары індет кезіндегі бұл шараның маңызын түсінеді деп ойлайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, елімізде ақпан айының бірінші күнінен бері ресейлік «Sputnik V» вакцинасын салу қолға алынды. Сәуір айында «QazCovid-in» отандық вакцинасы егіледі деп жоспарлануда.

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және тағы басқа халықтың жекелеген топтары вакцинацияланбақ. Індетке қарсы егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіліп, оларды міндетті түрде дәрігер тексермек. Қажетті іс-әрекетке 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылған.

Атап өтерлік жайт, вакцина ерікті түрде жасалады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез-келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы бақуатты және кірісі төмен елдердің вакцинаға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге шақырды.

Тегтер: Covid-2019азаматтарвакцинаденсаулықкоронавирусҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевпандемияпрезидент
Алдыңғы жаңалық

Ішкі істер министрлігі «102» қосымшасын іске қосты

Келесі жаңалық

Қазақстандықтар қызыл, сары, көк және жасыл түске жіктелетін болды

Келесі жаңалық
Қазақстандықтар қызыл, сары, көк және жасыл түске жіктелетін болды

Қазақстандықтар қызыл, сары, көк және жасыл түске жіктелетін болды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться