• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

Президент үкімет алдына қандай міндеттер қойды

Жаңадан жасақталған үкімет жиынында көптеген өзекті мәселе қозғалды

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат, Талдау
Президент үкімет алдына қандай міндеттер қойды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиыннан твиттер-трансляция жүргізілді, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

«Пандемия мен карантин шектеулері, сауда қатынастарының бұзылуы елдегі іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді. Көптеген ірі кәсіпорындардың көрсеткіші төмендеді. Әсіресе, шағын және орта бизнес қатты зардап шегуде. Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», – дейді Тоқаев.

Президент мәліметінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның «Бастау-бизнес» бағыты бойынша 150 мыңнан астам адам оқып шықты. Бірақ тек 10 пайызы несиеге, 19 пайызы грантқа ие болды. 100 мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды.

«Біз Жұмыспен қамтудың жол картасын қабылдап, оған 1 триллион теңге бөлдік. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілді. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды. Алайда ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, ол зейнетақы және салық төлемдерімен сәйкес келе бермейді. Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр. Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында анықталып отыр. Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған. Мен бұған дейін осындай есептерді автоматты түрде қайта тексеру тәсілдерін енгізу туралы тапсырма бердім», – деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, дағдарысқа қарсы шаралардың тағы бір кемшілігі – бюджетке түсетін салықтың аздығы. Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген 1 триллионнан небәрі 5,5 миллиард теңге салық төленген. Бұл – жарты-ақ пайыз деген сөз!

«Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда. Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаевтың пікірінше, ауыл халқы экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер күтіп отыр. Ол өзінің тапсырмасымен Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатқанын айтты. Алдағы бес жылда бұл мәселе шешілуі тиіс.

«Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану – аса маңызды міндет. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселесі. Менің тапсырмам бойынша Су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы дайындалды. Қазір Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау. Тағы бір өзекті мәселе – экология саласы. Бұл – халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала. Бірақ біздегі ахуал ойдағыдай деп айтуға болмайды. Сауалнама кезінде азаматтарымыздың 48 пайызы ғана экологиялық жағдайға көңіліміз толады деп жауап берген. Осыған орай, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл – жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп дайындалған жүйелі әрі кешенді құжат. Сондай-ақ кодекс озық халықаралық стандарттарға сай келеді. Экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға арналған тиімді бағдарламаларды жүзеге асырған жағдайда кәсіпорындар өндірістік қалдық үшін алынатын төлемнен босатылады. Үкімет және қоғам осы жұмыстың уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс. Сонымен қатар менің тапсырмаммен 2 миллиард түп ағаш отырғызылады. Бұл азаматтарымыздың тарапынан кең қолдау тапқан бастама болды. Жалпы, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Қоршаған ортаға ешқандай оң әсері жоқ, қаражатты құр игеруді көздейтін жасанды шараларға жол бермеу қажет. Сондықтан ағаш отырғызуға лайықты орындарды анықтау үшін ғалымдармен және жұртшылықпен бірлесіп, кәсіби талдау жүргізген жөн. Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырамын. Әсіресе, қоршаған ортаны қорғау ісіне қажетті барлық көрсеткішті цифрландыру – маңызды міндеттердің бірі», – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыру керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді.

«Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм рухын дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттілігіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет. Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекеттік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы осындай оймен аяқталды.

Жақында мәжіліс сайлауынан кейін үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Еңбек министрі мен ұлттық экономика министрі ғана ауысып, қалғаны өз орнында қалды. Атап айтсақ, Әсет Арманұлы Ерғалиев ұлттық экономика министрі, ал Серік Жамбылұлы Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

«ҚР конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1.Тағайындалсын:

Әлихан Асханұлы Смайылов – премьер-министрдің бірінші орынбасары;

Роман Васильевич Скляр – премьер-министр орынбасары;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – премьер-министр орынбасары;

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – премьер-министр кеңсесінің басшысы;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – ішкі істер министрі;

Аида Ғалымқызы Балаева – ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров – ауыл шаруашылығы министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – әділет министрі;

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – білім және ғылым министрі;

Алексей Владимирович Цой – денсаулық сақтау министрі;

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – қаржы министрі;

Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – мәдениет және спорт министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – сауда және интеграция министрі;

Юрий Викторович Ильин – төтенше жағдайлар министрі;

Әсет Арманұлы Ерғалиев – ұлттық экономика министрі;

Бағдат Батырбекұлы Мусин – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – энергетика министрі.

2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген президент қол қойған құжатта.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: ҚазақстанотырыстоқаевҮкімет
Алдыңғы жаңалық

Волонтерлер адам құтқаруды үйренеді

Келесі жаңалық

Ішкі істер саласында қандай өзгерістер болады

Келесі жаңалық
Ішкі істер саласында қандай өзгерістер болады

Ішкі істер саласында қандай өзгерістер болады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться