• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

2021 жылы астанада сегіз жаңа автобус бағдары іске қосылады

Елордалық CTS компаниясы DalaInform тілшісіне қоғамдық көлік саласында жасалған жұмыс пен алдағы жылға жоспар жайлы айтып берді

Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Талдау, Технология
2021 жылы астанада сегіз жаңа автобус бағдары іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Модернизация

Автобустар жұмысын модернизациялау аясында жолаушылар тасымалының жаңа түрлері енгізілді. 43 жаңа бағдар қосылып, маршруттардың қолданыстағы 72 сызбасы жаңартылды. 500-ден астам іс-шараға қызмет көрсетіліп, 1,5 миллионнан астам көлік картасы сатылды. Bus Lane учаскелері көптеп енгізілді. Бұл автобустарды күту уақытын 14% азайтуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта ұзындығы 60 шақырымнан асатын тағы 13 көше учаскесін енгізу жоспарда бар. Сондай-ақ бағдаршамның негізгі сигналдарын қайталайтын жарықтандырумен жабдықталған жаңа бағдаршам нысандары іске қосылып жатыр. Бұл шара жол қозғалысы қатысушыларының бағдаршам сигналдарын жақсы көруі мен қабылдауы үшін қолданылады.

 

Оңтайландыру

Қазір аса қарқынды қозғалыс сағаттарында автобустар жұмысын оңтайландыру бойынша шұғыл іс-қимыл жасалып жатыр. Жолаушылар көлігінің толтырылуын 50%-дан асырмау туралы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әр бағдар зерттелуде. Бұдан әрі көлік қолжетімділігін жақсартуға, белгілі бір маршруттардың жүктемесін азайтуға және тұрғындарды балама бағдарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа маршруттар әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қазірге дейін 4 жаңа бағдарды іске қосу әрі маршруттардың 10 сызбасын оңтайландыру бойынша жұмыс жүрді.

 

Балалар

«Жыл сайын оқу маусымы қарсаңында балалардың жолда және көліктегі жарақаттануының алдын алу үшін «Балалар қауіпсіздігі» бағдарламасы жүзеге асады. Жалпы білім беру мекемелеріне жақын жерлерде жасанды бөгеттер мен ескерту белгілері орнатылады. Сонымен қатар арнайы жол таңбалары салынады. Осы бағдарлама аясында жыл сайын орта есеппен 1 000 кубометрге жуық жасанды жол бөгеті, 1 100 жол белгісі әрі жол таңбалары: арнайы бояумен – 100 мың шаршы метрге жуық, суық пластиктен – 55 мың шаршы метрден астам жерге таңба қойылады», – деді компанияның баспасөз қызметі.

 

Апат

Жол-көлік оқиғалары статистикасы бойынша апат жиі болатын жерлер: Алаш тас жолы – Уәлиханов көшесі және Сейфуллин көшесі – Уәлиханов көшесі қиылыстары. Осыған байланысты сол жақ бұрылыстарға тыйым салу, екі қиылыста да бағдарлық автобустар үшін бөлінген бұрылыс енгізу, Сейфуллин-Уәлиханов көшелерінің қиылысында диагональды жаяу жүргіншілер өткелін орнату туралы шешім қабылданды. 2021 жылы Тұран даңғылы – Сығанақ көшесінің қиылысында бағдарлық қоғамдық көлік үшін осындай бөлінген бұрылыс ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

Пандемия

«Шектеу шараларын енгізу қоғамдық көлік жүйесіне айтарлықтай әсер етті. Автобус жолаушылары ағыны 40% төмендеді. Қала аумағында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар енгізілген уақыттан бері, яғни 19 наурыздан бастап қоғамдық көліктер мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Автобустарды түнде жуу әрі өңдеуден басқа, күн сайын қоғамдық көлік жұмысы кезінде жүргізушілер әр айналма жолдан кейін соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау және дезинфекциялық жұмыстар жүргізеді», – деді CTS компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.

 

Шымкент

Биыл СТЅ қызметкерлері Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Көлік мамандары Шымкент өкілдерімен бірлесіп, автобустар жұмысын жетілдірді: бағдарлар сызбалары, қозғалыс кестелерін қайта қарап, жолақы төлеудің электрондық жүйесін енгізді. Кешенді сызбаны әзірлеу кезінде талдаудың мынадай негізгі құрамдас бөліктері ескерілді: қаладағы сапарлар матрицасы, бағдарлардың бірбеткейлігі мен қайталануы, қашықта орналасқан тұрғын алаптарына қызмет көрсету және олардың қаланың орталық бөлігімен байланысын қамтамасыз ету. Бұған қоса тұрғындарының қажеттіліктерін әрі тілектерін ескеруге мүмкіндік берген ауқымды сауалнама жүргізілді. Қазір жаңа өзгертулер жұмысқа енгізіліп жатыр. Бұл CTS-тың алғашқы жобасы. Компания қызметкерлері кеңестерінің арқасында қалада қоғамдық көліктің оңтайлы жұмысына арналған қосымша қызметтер, атап айтқанда жолақы мен жолаушылар заң бұзушылықтары мониторингін жүргізетін көліктік бақылау қызметі, автобустар жұмысын және қозғалыс арақашықтығының сақталуын бақылайтын бірыңғай диспетчерлік қызмет, халыққа қызмет көрсететін бірыңғай байланыс орталығы әрі жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізіледі.

 

Бағдар

CTS келесі жылы 8 жаңа маршрут, 1 радиалдық бағдар, 3 қысқа маршрутты (№№ 7а, 47А, 54а) іске қосуды, бағдарлардың (№№ 2, 7, 12, 33, 40, 46, 61, 81) 8 сызбасын түзетуді жоспарлап отыр. Компания автобус паркін 80% жаңартып, 400-ден астам ескірген қоғамдық көлікті пайдаланудан шығарды. 838 жаңа автобус сатып алынды, соның ішінде 100 электробус бар. Бұнымен бірге қазір қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 100% құрайды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қоғамдық көліктің барлық жылжымалы құрамы жолақы төлеудің электрондық жүйесімен жабдықталды. Бұл ретте, көлік картасымен төлеумен қатар, төлемнің баламалы түрлері – SMS жіберу, QR код енгізу, түрлі қосымшалар және тағы басқалары іске қосылды. Сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйесінің 2-кезегін жүзеге асыру аясында аялдамаға автобустардың келу уақыты көрсетілетін 186 табло орнатылды. Сонымен қатар 6 қолжетімді қосымша арқылы автобустардың орналасқан жерін онлайн режимде көруге болады. Бұл 2GIS, Astrabus, Яндекс транспорт, Senim, SmartAstana, BusTime сияқты көпшілікке белгілі қосымшалар.

 

Велостанция

Қоғамда спорт мәдениетін дамыту мақсатында 2014 жылдан бастап Astana Bike велосипед жалдау жобасы іске асып жатыр. Биыл бұл жоба CTS басқаруына берілді. Оның аясында Velobike.kz сайтын жаңарту бойынша жұмыс жүрді. 24 сағаттық режимде онлайн тіркелу, онлайн толықтыру, сайтта тікелей төлеу функциялары енгізілді. Жұмысқа iKomek операторлары жұмылдырылды және мониторинг үшін трафикті басқару орталығының камералары іске қосылды. Осының бәрі қызмет көрсету сапасының айтарлықтай артуына ықпал етті. Нәтижесінде пайдаланушылар саны 2 есе артты. Іске қосылған сәттен бастап жүйеде 14,2 мыңнан астам жаңа велосипедші тіркелді, 14 мың абонемент сатып алынды, ал пайдаланушылардың велосипедпен жалпы жүріп өткен жолы 1,6 млн шақырымды құрады. Келесі жылы велостанциялар санын 25-ке, ал велосипедтерді 300-ге көбейту жоспарда бар.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: CTSҚазақстанқоғамдық көлікНұр-Сұлтан
Алдыңғы жаңалық

Курсант қазасы: Академия басшысы қызметінен кетті

Келесі жаңалық

Коронавирус: Тәжікстанға 100 өкпені жасанды желдету аппараты жіберілді (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Коронавирус: Тәжікстанға 100 өкпені жасанды желдету аппараты жіберілді (ВИДЕО)

Коронавирус: Тәжікстанға 100 өкпені жасанды желдету аппараты жіберілді (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться