• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Нұр-Сұлтанда карантин бұзғандарға 230 млн теңге айыппұл салынды. Оның 184 миллионы төленіп қойды

«SOVA», «Жаным Сол» караоке-барлары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» демалыс бөлмесі, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы қызметі 3 айға тоқтауы мүмкін.

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Экономика
Нұр-Сұлтанда карантин бұзғандарға 230 млн теңге айыппұл салынды. Оның 184 миллионы төленіп қойды
Share on FacebookShare on Twitter

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушылар 184 миллион теңгеден астам айыппұл төледі деп хабарлайды Dalainform тілшісі қалалық ішкі саясат басқармасының ақпаратына сүйеніп.

«Елордада карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасуда. Полиция қызметкерлері, еріктілер және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексереді. Жалпы алғанда, 5 шілде мен 21 желтоқсан аралығында мониторинг топтары шамамен 3 300 рейдтік іс-шара өткізді», делінген хабарламада.

21 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары полициядан карантинді бұзған адамдарға қатысты 2340 материал алған. 1185 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 230 891 244 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылса, бүгінгі таңда жалпы сомасы 184 081 225 теңгеге 957 әкімшілік айыппұл төленген.

Негізгі құқық бұзушыларға тамақтану орындары (мейрамханалар, демалыс орындары, банкет залдары), дүкендер, ойын-сауық мекемелері (караоке, түнгі клубтар), компьютерлік және ойын клубтары, сауда орталығындағы батут орталықтары және басқа да нысандар (кинотеатрлар, сұлулық салондары, сауналар, моншалар, массаж кабинеттері) жатады.

Еске сала кетейік, бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілген. Олар – «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» демалыс бөлмесі, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы.

«Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өкілдері соттан жоғарыда аталған нысандар қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолдану туралы өтініш жасайды», – дейді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің өкілдері.

Тегтер: - «SOVA» караоке-бары«Alanya» түнгі клубы«Echo» бары«Teqila» демалыс бөлмесі«Жаным Сол» караоке-бары«Золото» мейрамханасыайыппұлеріктілерзаң бұзукарантинмобильді топНұр-Сұлтанполициясанитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Алдыңғы жаңалық

Сенаторлар Президент тапсырмасына қарсы шыққан жоқ

Келесі жаңалық

Қазақ жерін Ресейге қосу керек дегендер кешірім сұрап жатыр. Мас болғандарын айтады (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Қазақ жерін Ресейге қосу керек дегендер кешірім сұрап жатыр. Мас болғандарын айтады (ВИДЕО)

Қазақ жерін Ресейге қосу керек дегендер кешірім сұрап жатыр. Мас болғандарын айтады (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться