• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Нұр-Сұлтанда емханаға тіркеу науқаны басталды

Елордалықтар екі ай ішінде қалаған емханасына тіркеле алады

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Нұр-Сұлтанда емханаға тіркеу науқаны басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан азаматтарын алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) көрсететін медициналық ұйымдарға өз еркімен тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды DalaInform тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Акцияға барлық №1-15 қалалық емхана, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдар қатысады.

«АМСК көрсету ұйымдарына тіркеу науқанын бастадық. Өз кезегінде, азаматтарға қызмет көрсетудің аумақтық принципін ескеріп, үйде медициналық көмек алу үшін тұрғылықты мекен-жайыңызға жақын орналасқан емханаларды таңдауға кеңес береміз», – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қазір қаладағы АМСК ұйымдарына 1 миллион 181 мыңнан астам адам тіркелген.

Тұлғаны АМСК ұйымдарына тіркеу амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып табылады және келесі принциптер бойынша жүзеге асады:

1) аумақтық қолжетімділік;

2) АМСК ұйымын еркін таңдау;

3) АМСК дәрігерін (жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет;

5) меншік формасына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан АМСК ұйымдарының теңдігі әрі әділ бәсекелестігі.

18 жасқа толмаған тұлғаларды тіркеуге оның заңды өкілдерінің біреуі құқылы.

Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеу олардың сұранысы бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асады. Тіркеу кезінде оған дейін тіркелген ұйымнан автоматты түрде шығады.

Емханаға өз еркімен тіркеу құқығы жылына бір рет қана беріледі.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: Алексей ЦойастанаДенсаулық сақтау министрлігіелордаемханаҚазақстанНұр-Сұлтанстатистикатіркелухалық
Алдыңғы жаңалық

Бір тәулікте қанша адам Covid-19 жұқтырды

Келесі жаңалық

Әлеуметтік азық-түлік бағасы 6 пайыздан артық өспейді. Министр осылай деді

Келесі жаңалық
Әлеуметтік азық-түлік бағасы 6 пайыздан артық өспейді. Министр осылай деді

Әлеуметтік азық-түлік бағасы 6 пайыздан артық өспейді. Министр осылай деді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться