Шымкент қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында көптеген заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды DalaInform еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Еңбек министрлігінің бастамасы бойынша мониторингтік топ жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында Шымкент қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушылар құқықтарын бұзудың көптеген фактісі анықталды. Тексеру нәтижелері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің төрағалығымен өткен әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес отырысында айтылды. Іс-шараға Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, бейінді мемлекеттік әрі жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлері мен т. б. қатысты.
«Бұған дейін хабарланғандай, тексеруге Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-пабликіндегі өтінішіе негіз болды. Әйел І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын жеткізді. Оның айтуынша, эпилепсиямен ауыратын қызы есінен танған кезде оның денесіне қол сұғылған», – делінген ақпаратта.
Мониторингтік топ құрамына бейінді мемлекеттік әрі жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен т. б. өкілдер кірді. Тексеру барысында қызмет алушылар құқықтарының бұзылу фактілері және орталық қызметін ұйымдастыруда кемшіліктер анықталды. Мысалы, бірнеше палатада жатын алаңдар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни тиісті 5 м2 алаңның орнына қызмет алушыға 3-тен 4,5 шаршы метрге дейін келеді. Кейбір қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарлары оңалтудың жеке бағдарламасы ескерілмей жасалған. Бұдан басқа қызмет алушылар жұмсақ инвентарь әрі киіммен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қызмет алушылар киімінің маркировкасы жоқ. Сондай-ақ асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар заң бұзушылық анықталды. Заң бұзушылықтар орталықтың лауазымды адамдарында тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Ас блоктары мен басқа да үй-жайлардағы антисанитариялық жағдайдан қызмет алушылардың жаппай ауру жұқтыру қаупі бар. Сонымен қатар 2020 жылы еңбек министрлігі жұмыс тобының мүшелері объектіге барып, берген ескертулерге мекеме басшылығының әрекетсіздігі және әлсіз әрекет етуі атап өтілді. Соңғы тексеру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша заң бұзушылықтар жойылмағанын көрсетті.
«Тексеру нәтижелері бойынша еңбекмин біліктілік талаптарын ескере отырып, Шымкент қаласы әкімдігіне орталық директоры Мырзахан Жолтаевты атқаратын лауазымынан босату әрі мекеме басшысын қоғамның белсенді өкілдері қатарынан тағайындау туралы мәселені қарау жөнінде ұсыныс жіберді», – делінген мәліметте.