Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды DalaInform тілшісі құқық қораушылар сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты Есіл ауданында шамамен таңғы сағат 10-да болған. «Москвич» автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі мен әйелі оқиға орнында мерт болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
«Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, «Москвич» жүргізушісі маневр жасай отырып, қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» ауыр жүк көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан үш көлік соқтығысқан. Үшінші «ВАЗ 2106» жүргізушісі алған жарақаттарынан ауруханаға жеткізілді», – делінген polisia.kz-те.
Тағы бір апат Шал ақын ауданында болды. Ұзынжар ауылының маңында «УАЗ 452 А» және «КамАЗ» көліктері соқтығысып, екі жолаушы да қаза тапты. «УАЗ» жүргізушісі әрі төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Айгүл ЕЛТАЙ