• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Министр өлім-жітім деректері жөнді тіркелмегенін мойындады

Жазда дәрі-дәрмек пен ауруханаларда орын болмай, халықтың жанайқайы жиі естілді.

Коронавирус, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
3 тамыздан бастап карантин талаптары жұмсарады. Дегенмен бірқатар шектеулер сақталады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

Share on FacebookShare on Twitter

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда биылғы шілде айында өлім саны күрт өскені анықталғанын, яғни өткен жылға қарағанда 16 мыңға жуыққа көп болғанын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының дұрыс жұмыс істемеуімен түсіндірді деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Бұл туралы ол демалыс күндері Алматыда бір топ блогермен кездескенде айтты.

Оның сөзінше, елімізде әдетте ай сайын 10-11 мың адам көз жұмады. Алайда көктемгі үш ай – наурыз, мамыр, сәуір айларында бұл қайғылы көрсеткіш 4-5 мың болған.

«Бұл неге байланысты десек, есеп жүргізілмеді, барлық ХҚКО жабық тұрды. Ауылда тиісті куәліксіз жер қойнына тапсырып жатады. Алайда азаматтар кейін бәрібір аталмыш құжатты алуы тиіс. Қазіргі кезде сәйкес сандар толықтырылуда. Дегенмен әлі де бар айырмашылықты ретке келтірудеміз», – дейді министр.

Жаз айларында жағдайдың ушыққаны соншалық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус ахуалын ашық жариялауда қорықпауға шақырып, статистиканы біріздендіруді тапсырды.

Осылайша коронавирус расталмаған, алайда белгілері оған ұқсас өкпе қабыну жайттарына 1 тамыздан арнайы санақ жүргізу қолға алынып, бүгіндегі жағдай бойынша онымен 31 148 адам ауырып, 344 науқас қайтыс болды. Індеттің өзін 13 наурыздан бері 107 307 азамат жұқтырып, 1 699-і қаза тапты.

 

 

 

Тегтер: Алексей Цойденсаулық сақтаукоронавирусҚазақстанпневмониястатистикаХҚКО
Алдыңғы жаңалық

Елордада көпір құлады – Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді

Келесі жаңалық

Тау тасын пайдалану үшін де рұқсат керек

Келесі жаңалық
Тау тасын пайдалану үшін де рұқсат керек

Тау тасын пайдалану үшін де рұқсат керек

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться