Алдағы мейрам күндері астанада қоғамдық көлік қатынайды, деп хабарлайды DalaInform CTS компаниясына сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық және қала маңындағы бағыттар жұмыс, демалыс пен мереке күндері жүреді. Экспресс-бағыттарды қоспағанда. Сондай-ақ автобустардың жүру уақыты сағат 23:00-ге дейін сақталады», – делінген ақпаратта.
Мамандар жолаушыларды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобусқа алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.