• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Мемлекеттік тілдің көше мен жарнамада мазақ болмауын қадағалау күшейеді

Мемлекеттік тілдің міндетті түрде қолданылмауы салдарынан азаматтардың конституциялық құқығы тапталуда.

Пікір, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Мемлекеттік тілдің көше мен жарнамада мазақ болмауын қадағалау күшейеді

Көрнекі сурет - ашық дереккөзден

Share on FacebookShare on Twitter

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

«Аталған заңжобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін көрнекі ақпарат мәселелері бойынша жетілдіру болып табылады. Заң жобасының негізгі бағыттары: деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу; деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің теңтүпнұсқалы аудармасын (аутентичность) сақтап отырып жазу; «Мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы» деген ұғым енгізу», – деп түсіндірді ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Құзырлы мекеме басшысы көрнекі ақпарат құралдары (баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, баға көрсеткіштері және тағы басқа) елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды құрал екенін атап өтті.

Осылайша, заң жобасы, қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасыз жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталып отыр. Ал теңтүпнұсқалы аударманы сақтау талабы қоғамда екі тілде (қазақ және орыс тілдеріндегі) берілген мәтіндердің мағыналық, мазмұндық жағынан сәйкес келмеуі деректерін жоюға қажет болмақ.

Министр мемлекеттік органдарға азаматтардан көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шағымдардың көптеп түсетінін келтірді. Осы орайда, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың болмауын, азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында бекітілген өз құқықтарына қысым жасау деп санайды.

«Көрнекі ақпаратқа қатысты заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға 2018 жылы – 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш келіп түсті. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны – 3442-ні құрады», – деген Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік тілдің нақты қолданыстағы мәртебесін көтеру үшін 13 заңнамалық актіге түзету енгізілетінін жеткізді.

Нәтижесінде мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта міндетті түрде қолданылуы қамтамасыз етілмек.

Тегтер: Ақтоты Райымқұловажарнамазаң жобасыКонституциякөрнекі ақпаратқатеМәдениет және спорт министрлігімемлекеттік тіл
Алдыңғы жаңалық

Қоқыс төгуге шыққанда атып тастады. Күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Есірткіні отбасы болып дайындаған. Синтетикалық (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Есірткіні отбасы болып дайындаған. Синтетикалық (ВИДЕО)

Есірткіні отбасы болып дайындаған. Синтетикалық (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться