Желіде қазақтың аяулы әншісі Мейрамбек Бесбаев пен оның денсаулығын уайымдаған кейуананың әңгімесі тарап, елді елжіретті деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Алғашқыда әже мен онымен ойнап, әзілдеген немересінің бейнежазбасы жарық көрді. Онда қарияның аңғал көңілі танымал өнер иесімен сөйлесіп отырғанына сеніп қалып, ақ тілегін жаудырады.
«Мейрамбек, жазылып кет жаным, қазақтың атын шығара бер! Жақсы боп кет айналайын, тілеуіңді тілеп жатырмыз. Өмір жасың ұзақ болсын, менің жасыма жет», – деп еміренеді Қызылорда облысының 85 жастағы қарт тұрғыны.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Апаның сәлемін көрген әншінің өзі де тебіреніп, міндетті түрде нөмірін тауып, қоңырау шалуға уәде береді.
«Аллаға шүкір, қолыма домбыра алып ел алдына шыққалы бері, кимешегі кірлемеген осындай аналарымның ақ батасын алып келемін. Ата-апаларымның ақ батасы көңілге медеу, жаныма демеу болып келеді», – деп жазған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері сөзінде тұрып, әжемен тілдесті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетсек, бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскені айтылған еді. Кейін оның «Музарт» тобындағы талай жылғы үзеңгілес серігі Сәкен Майғазиев науқастың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылғанын жеткізді.