• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Мамин: тұтынушы құқығын қорғауды күшейту керек

Үкімет басшысы тұтынушы құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді

Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат, Экономика
Мамин: тұтынушы құқығын қорғауды күшейту керек
Share on FacebookShare on Twitter

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкіметтің селекторлық отырысында тұтынушы құқығын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды DalaInform премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндап, жоғарғы сот судьясы А. Түкиев пен тұтынушылар құқығын қорғау коалициясының төрағасы М. Әбенов ақпарат берді.

2020 жылдың 8 айында сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне қызметтер мен тауарлардың сапасына қатысты шағымдармен 8 мыңнан астам өтініш түскен. Олар бойынша тұтынушылардың 80%-ның құқығы қорғалды (6 400 өтініш). Биылғы маусымда үкіметтік емес ұйымдарды, бизнесті тарта отырып, тұтынушылар құқығын қорғаудың біртұтас жүйесін құруға ықпал ететін заңнамалық түзетулер қабылданды.

Премьер-министр тұтынушылар құқығын қорғаудың қазақстандық жүйесі «тұтынушы – қоғамдық бірлестік – мемлекет» өзара іс-қимыл байланысы шетелдік озық тәжірибені ескеруі тиіс екенін айтты. Бұл ретте азық-түлік саласы, медициналық қызметтер, ТКШ, фармацевтикалық тауарлар, сондай-ақ туризмге ерекше назар аудару қажет.

«Сапасына кепілдік беруге болатын өнім өндіруге, бақылау мақсатындағы сатып алу механизімін пайдалануға, адал жарнама әрі маркетингке бағытталған саясат жүргізу керек», – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін тұтынушылар құқығын қорғау саласында қоғамдық ұйымдар бірлестігін құруды, бұған қоса үкіметтік емес ұйымдар базасында тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Ұлттық экономика, сауда және әділет министрліктеріне нормативтік-құқықтық актілер жобаларының тұтынушылар құқығын қорғау тұрғысынан реттеушілік әсеріне талдау жүргізу бойынша міндетті талапты қарастыру тапсырылды. Бұнымен бірге осы актілерді әзірлеуге қоғамдық кеңестердің құрамында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету қажет.

Сауда министрлігіне ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) тұтынушылар тарапынан қанағаттану әрі сенім деңгейін бағалауды қосу тапсырылды.

«Атамекен» ҰКП-ға ерікті іскерлік тәжірибе ережелерінің жиынтығын, тұтынушылардың мүдделері және құқықтарын ескеретін үлгілік шарттарды қабылдау, сонымен қоса ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсарту үшін бизнесті ынталандыру шараларын пысықтау тапсырылды.

Премьер-министр 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тұтынушылар құқығын қорғаудың біртұтас жүйесін құру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Тегтер: Асқар МаминҚазақстанотырыссаудатұтынушылар құқығыҮкімет
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтанда «қонақта болған» қабандар табылмады

Келесі жаңалық

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Келесі жаңалық
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться