Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы ҚХА-ның XXVIII сессиясында дауыс беру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды DalaInform ассамблеяға сілтеме жасап.
«Дауыс беруге қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жалпы саны – 351 адам. Мәжіліс депутаты кандидаттары үшін берілген бюллетеньдер: Сауытбек Абдрахманов – 298, Аветик Амирханян – 270, Ильяс Буларов – 274, Наталья Дементьева – 292, Юрий Ли – 282, Вакиль Набиев – 285, Шамиль Осин – 271, Владимир Тохтасунов – 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды», – делінген ақпаратта.
Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты мәжіліске өтті. Ассамблеядан сайланатын мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындысын орталық сайлау комиссиясы шығарады.