• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Мәдениет министрлігі: Кітапханалардың жабылуы – мемлекет саясатына қайшы

Ақтоты Райымқұлованың ұжымы кітапханаларды ескіліктің қалдығы санайтын депутатпен келіспейді.

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Мәдениет министрлігі: Кітапханалардың жабылуы – мемлекет саясатына қайшы
Share on FacebookShare on Twitter

Кітапханалардың жабылуы мемлекеттік саясатқа қайшы келеді. Dalainform сауалына Мәдениет және спорт министрлігі осылай жауап берді.

Аталған мекеме Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтары мен ұлттық рухани игілігін сақтау, халықтың зияткерлік әлеуетін арттыру және қазақстандық ғылым мен мәдениетті танымал ету міндеттерін көпшілік кітапханалар абыроймен жүзеге асырып келетінін айтады.

«Президент Жарлығымен бекітілген мәдени саясат тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан кітапханалары, қоғамдық білімге кеңінен қол жеткізуді қазіргі заманғы қолайлы сипатта қамтамасыз ететін көпфункциялы ақпараттық және демалыс орталықтарына айналуға тиіс. Қазіргі заманғы кітапхананың негізгі міндеті – қоғамның ақпараттық мәдениетін, кітап оқуға, тілдерге, отандық тарих пен мәдениетке тұрақты қызығушылығын қалыптастыру», делінген министрлік ұстанымында.

Сондай-ақ, ондағылар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қойылған стратегиялық мақсаттарды орындауда маңызды рөл кітапханаларға тиесілі деп есептейді.

«Осы орайда көпшілік кітапханалардың жабылуы мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына қайшы келеді деп айтуға болады», – дейді Ақтота Райымқұлованың мекемесі.

Еске сала кетсек, елордалық мәслихат депутаты Мирас Шекеновтің кітапханалардың басым бөлігін жабу жайлы ойы қоғамда қызу пікірталас туғызды. Нұрсұлтандық халық қалаулысы қалаға бір ғана кітапхана жеткілікті, ескіліктің қалдығы (анахронизм) ретінде барлығын бір ортаға цифрландыру қажет деп санайды. Оның пікірінше, босаған ғимараттарды басқа мақсаттарға қолданып, кітапханашыларды басқа мамандықтарға оқыту керек. Осылайша жыл сайын кітапханаларды қысқарту арқылы бюджетке түсетін салмақ азаймақ. Ал кітап оқығысы келгендерге, депутат алға тартқандай, ғаламтор бар.

Бүгінде, ашық дереккөздерге сүйенсек, Қазақстанның бас қаласында жұмыс істейтін 18 кітапханада әлемнің 100 тіліндегі миллионнан астам кітап жиналған.

 

Тегтер: Ақтоты РайымқұловадепутаткітапкітапханақоғаммәдениетМирас ШекеновНұр-Cұлтанруханиятцифрландыру
Алдыңғы жаңалық

2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар енді жарамсыз. Оларды енді ешқайда қабылдамайды

Келесі жаңалық

Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді

Келесі жаңалық
Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді

Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться