• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Кімді жұмыстан қысқарта алмайды? Мемлекеттік қызметте

Агенттік төрайымы жоғары жалақы мемлекеттік қызметкерлердің арасында жемқорлықты жояды дейді.

Экономика, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Саясат
Кімді жұмыстан қысқарта алмайды? Мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова

Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында мемлекеттік қызметкерлерді екі жылда 25%-ға қысқарту жайлы тапсырма бергені белгілі. Осы орайда, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова бұл қысқартудың кімге қатысы жоқ екенін айтты деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Оның айтуынша, Еңбек кодексі бойынша келесі санаттағы қызметкерлер қысқартылмайды: жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласы бар аналар, жалғызбасты аналар, анасы жоқ балаларды тәрбиелеп отырғандар және зейнетке 2 жылдан аз мерзім қалған қызметкерлер.

«Қысқарту туралы шешім қабылдау кезінде жұмыста қалудың басым құқығын әлеуметтік аз қамтылған санаттағы мемлекеттік қызметшілерге беру ұсынылып отыр. Олар: қамқорлығында екі немесе одан да көп асыралушы бар адамдар, бір ғана табыс көзі бар көпбалалы аналар, жұмыс барысында кемтарлыққа тап болған адамдар және тағы басқа», – дейді ол.

Сонымен қатар, Анар Жайылғанова, отбасыны асырауға жететін лайықты жалақы мемлекеттік қызметкерлердің арасында жемқорлықты жоюы мүмкін екенін келтірді. Мемқызмет агентігі жетекшісінің пікірінше, бұған қоса жақсы әлеуметтік қамтамасыз ету де азаматты қылмысқа барудан сақтайды.

«Жалпы қысқарту мақсаты да сол, мемқызметте ең лайықтылары ғана қалған жөн. Қысқартудан үнемделген қаражат айлықты көтеруге қажет болады», – деген ол өзі басқарып отырған мекемеде парақорлық дерегі мүлде орын алмағанымен мақтанды.

Ал қысқартуға ілігетіндерге, мемлекеттік қызметте кем дегенде үш жылдық өтілі бар болса, орташа айлықтың төрт еселенген мөлшерінде өтемақы төленеді.

Зейнеткерлердің жұмысты босатуына байланысты 1 мың лауазым босаса, одан бөлек 6 мың мемлекеттік қызметкер жеке секторға немесе басқа да ұйымдарға ауыспақ.

 

Тегтер: Анар Жайылғановаәлеуметтік қамтамасыз етужалақыжемқорлықЖолдаузейнеткерлерҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевқысқартумемлекеттік қызметМемлекеттік қызмет істері агенттігі
Алдыңғы жаңалық

Білім министрлігі әр тиынды қадағалайтын арнайы ресурс дайындап жатыр

Келесі жаңалық

Жалақыны кешіктірген басшыларға қылмыстық іс қозғалады. Шоты бұғатталып, жүріп-тұруына шектеу қойылады

Келесі жаңалық
Жалақыны кешіктірген басшыларға қылмыстық іс қозғалады. Шоты бұғатталып, жүріп-тұруына шектеу қойылады

Жалақыны кешіктірген басшыларға қылмыстық іс қозғалады. Шоты бұғатталып, жүріп-тұруына шектеу қойылады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться