• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Киіктер күйлеуден кейін қиналып қалды. Браконьерлерге оңай олжа болуы мүмкін (ВИДЕО)

Ауа райы нашарлап, ақбөкендер жол торуылдай бастаған. Құзырлы орган дабыл қағып, қолдан тамақтандыруға көшті.

Видео, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктерді қорғау мен олардың жағдайын бақылау шараларын күшейтті деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

«Себебі соңғы уақытта ақбөкендер Қарағанды және Ақмола облыстарының елдімекендері мен автомобиль жолдарының маңында жиі байқала бастады. Олардың ішінде әлсіреп қалған мүйізді киіктер (еркек) көп. Бұл 2020 жылдың желтоқсан айында өткен күйек кезеңінің салдары. Бұдан бөлек қалың жауған қар мен күннің күрт суытып, ауа температурасының соңғы 5-6 күнде -40 градусқа дейін төмендеуі де ақбөкендердің жағдайына әсерін тигізіп жатыр», – дейді министрлік өкілдері.

Аталған жайттар киіктердің тіршілігін, азықтандырылуын қиындатып, өмірлеріне қауіп төндіруде. Жыл басынан бері 14 киік өлімі тіркелген.

Мұндай жағдайда жануар браконьерлер үшін қолжетімді бола түседі. Осыған байланысты комитет әлсіреген киіктерді азықтандыруды көздейтін биотехникалық іс-шараларды қолға алған.

Әлсіреген жабайы жануарларды байқаған жағдайда, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі азаматтардан мына нөмірлер бойынша 8 777-678-52-52 немесе 8 775-569-92-21 хабарлауды, оларға қамқорлықпен қарауды сұрайды.

Еске салайық, Қазақстанда киіктердің Орал, Бетпақдала және Үстірт популяциясы мекендейді. 2019 жылғы есеп бойынша киіктердің саны 334 мыңға жетті. 2020 жылдың көктемінде енгізілген шектеулерге байланысты есеп жүргізілмеді. Алайда 2020 жылғы киіктердің қолайлы төлдеуін ескере отырып, мамандар бүгінгі таңда олардың саны 450 мыңнан астам басты құрайды деп болжауға болатынын айтады.

Тегтер: азықтандыруақбөкенауа райыБетпақдалабраконьерлерелдімекенжолкиіккүйікҚазақстанОралтөлдеуҮстірт
Алдыңғы жаңалық

Бүгін Қырғызстанда ел басшысын сайлайды. 17 адам президент болғысы келеді

Келесі жаңалық

Үкімет басшысы өзін қызметінен кетіретін депутаттар үшін дауыс берді

Келесі жаңалық
Үкімет басшысы өзін қызметінен кетіретін депутаттар үшін дауыс берді

Үкімет басшысы өзін қызметінен кетіретін депутаттар үшін дауыс берді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться