Футболдан Қазақстан құрамасын отандық танымал маман Талғат Байсуфинов басқаратын болды деп хабарлайды Dalainorm тілшісі тиісті федерацияға сілтеме жасап.
Талғат Маруаұлы бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын.
«Сонымен қатар, білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеді», делінген хабарламада.
Келесі көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуді бастайды.
Топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сондай-ақ Босния және Герцеговина құрамалары отандық аяқдопшыларға қарсы өнер көрсетпек.
Қазақстан футболындағы тағы бір тағайындау, жаңа іріктеу кезеңінде жастар құрамасына аға жаттықтырушы қызметіне кіріскен Қайрат Нұрдәулетов жетекшілік етеді.
Қайрат Нұрдәулетов қызылжарлық «Есіл-Богатырь», алматылық «Қайрат», қостанайлық «Тобыл», елордалық «Астана», қызылордалық «Қайсар» командаларының намысын қорғады.
2003-2013 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында 35 матч өткізіп, ұзақ уақыт капитан болды.