Америка Құрама Штаттарында толық ер адамға аяғы ауыр деп ойлап қалып, кесар тілігін жасады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Дәрігерлердің қателігінен қатты семіз америкалық азамат Лесли Морган осындай күйді бастан кешіруге мәжбүр болып отыр.
Негізінде 34 жастағы ол ауруханаға жүрегі ауырған соң жүгінген. Дегенмен медицина қызметкерлері оны үшемге жүкті әйел адам ретінде қабылдап, дәрімен ұйқыға кетіру арқылы ота жасап тастаған.
Ер азамат есін жиғаннан кейін бұлқан-талқан ашуланып, сотқа арыздануға асыққан. Зардап шегуші 1,2 миллион доллар өтемақы талап етуде.
Бұған дейін басқа сырқатқа шалдыққан науқасқа егізін аламыз деп кесар тілігін істеген оқиға тіркелген.