• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Елорда тұрғындарына адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілді

COVID-19 таралуы бойынша Нұр-Сұлтан әлі де «қызыл аймақта»

Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам
Елорда тұрғындарына адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 47 жағдайы анықталды. Осыған байланысты астана тұрғындарына демалысты үйде өткізуге және адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берілді, деп хабарлайды DalaInform бас қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қаладағы жағдай күрделенбеуі, қатаң шектеулерді қабылдамау үшін, осы күндері үйде болу, адам көп жиналатын орындарға бармау әрі үлкен жиындар өткізбеу керек. Жағдай тұрақтанбаса шектеу шаралары күшейтіледі. Барлық тұрғындарды санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамыз. Карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған», – деді елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сауда орталығына, дүкендерге барған кезде маска тағу тәртібі мен арақашықтықты қатаң сақтау, санитайзер қолдану қажет.

«Қарапайым нормаларды сақтау арқылы өзіміздің, жақындарымыздың денсаулығын сақтаймыз. Коронавирус жасқа қарамайды, динамика көрсеткендей, науқастар арасында созылмалы аурулары жоқ жастар да бар. Емделіп шыққандар да вирустан толық айықпайды. Инфекция өкпеге ғана емес, бүйрекке, бауырға, жүрекке және миға да әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар өкпеде тіндік фиброз түріндегі ошақтар пайда болады. Өзіңізді әрі жақындарыңызды қорғау үшін сіз қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз керек», – дейді Пірәлиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 10 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан ковид таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кірді. Ауру барлық жастағы тұрғындар арасында анықталып жатыр.

Тегтер: Қазақстанқызыл аймақмерекеНұр-Сұлтан
Алдыңғы жаңалық

Мал ұрлығымен күрес: Өгізін жоғалтқан тұрғын полицияның ашуын келтірді

Келесі жаңалық

Мереке күндері сауда үйлері қалай жұмыс істейді

Келесі жаңалық
Мереке күндері сауда үйлері қалай жұмыс істейді

Мереке күндері сауда үйлері қалай жұмыс істейді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться