• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Еліміздің солтүстігінде құс тұмауы таралуда. Министрлік жағдай бақылауда дейді

Облыстың жеті ауданында үй құстары өлген. Олардың иелеріне өтемақы төленеді.

Қоғам, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан
Ресеймен шекарада шектеулер енгізілді. Қауіпті вирус белгілері табылды

Сурет: ашық дереккөзден

Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда екенін мәлімдеді деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Министрлік өкілдері вакциналар алынып, індет тіркелген аумақтар залалсыздандырылуда екенін айтады. Сонымен қатар, құстардың өлекселері жойылып, құс шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Өзге де уақытша шектеулер енгізілген.

Себебі облыстың жеті ауданында (Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев) ағымдағы жылдың 9-16 қыркүйек аралығында әртүрлі үй құстарының өлімі тіркелген.

Қабылданған ережелерге сәйкес, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына аурудың өршуі туралы хабарланған.

Аса қауіпті ауруды жою үшін министрліктегі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің республикалық эпизоотияға қарсы жасағы және Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы қазіргі уақытта міндетті іс-шаралар кешенін, оның ішінде құстардың өлекселерін жою, үй-жайлар мен аула аумақтарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Өлген құстардың иелеріне өтемақы төленбек.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың отандық препарат бөлінген.

Министрлік ахуал бақылауда екеніне сендіреді.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 26 тамызында ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының Омбы облысынан құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты тірі құстарды, құс шаруашылығы өнімдерін және ілеспе тауарларды Қазақстанға алып келуге шектеу енгізді. Алайда, мамандар мен ғалымдардың пікірінше, тиісті дерттің таралуының қоздырғышы тек көрсетілген тауарлардың санаттары арқылы ғана емес, сонымен қатар жабайы қоныс аударатын құстардан да таралуы мүмкін.

Тегтер: ауылшаруашылық министрлігіветеринарияҚазақстанқұс тұмауыРесейСҚО
Алдыңғы жаңалық

Қармаққа түспе: Қаржы пирамидасы жайлы не білген жөн?

Келесі жаңалық

Түрме қызметкерлері сотталушыға әкелінген бауырсақты өткізбей тастады

Келесі жаңалық
Түрме қызметкерлері сотталушыға әкелінген бауырсақты өткізбей тастады

Түрме қызметкерлері сотталушыға әкелінген бауырсақты өткізбей тастады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться