• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Құзырлы орын азаматтарды алыс жолға шықпас бұрын, міндетті түрде ауа райы болжамына қарауға шақырады.

Қоғам, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Пікір
Бетон жол тайғақ болса, тұз себе ме? Ал бұл алдағы қыста өте өзекті
Share on FacebookShare on Twitter

 

«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Dalainform тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сүйене отырып.

«20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын болады, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болады, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Дауылдың орын алу ықтималдығы 85-90 %. 20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады», – деп ескертеді мамандар.

Сонымен қатар, бүгін, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіліп отыр.

Сарапшылар азаматтарды ауа райының өзгерістерін мұқият бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларына көңіл бөлген жөн.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген абзал. Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал.

Егер қандай да бір елдімекенге шұғыл бару керек болса, діттеген жерге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалану кеңес етіледі.

Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізбек.

Қыста жолға шығар алдында:

1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;

2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің 112 телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

112 қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елдімекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.

Шұғыл қызметтер автомобильдерді лектік ілестіріп жүргізуге шешім қабылдаған жағдайда:

– жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;

– ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;

– өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;

– алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;

– алдында кетіп бара жатқан автомобильдерді басып озуға болмайды;

– айналаңдағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз.

Тегтер: Ақмолаауа райыдауылды ескертуҚазақстанҚазгидрометҚарағандыМаңғыстауНұр-СұлтанпавлодарСолтүстік Қазақстан облысыТөтенше жағдайлар министрлігі
Алдыңғы жаңалық

Учаскелік полицейлер көпбалалы отбасыны өрттен құтқарды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Өткен тәулікте 700-ге жуық адам індетпен ауырып қалды. Отандық вакцина еріктілерге егіліп үлгерді

Келесі жаңалық
Өткен тәулікте 700-ге жуық адам індетпен ауырып қалды. Отандық вакцина еріктілерге егіліп үлгерді

Өткен тәулікте 700-ге жуық адам індетпен ауырып қалды. Отандық вакцина еріктілерге егіліп үлгерді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться