• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Елімізде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды

Бүгін сағат 18.00-де басталды

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды, деп хабарлайды DalaInform орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі туралы айтты. Оның дерегінше, партиялық тізімдер бойынша мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт 10 желтоқсанда сағат 18.00-де басталып, 2021 жылғы 9 қаңтарда сағат 00-00-ге дейін жалғасады.

Сайлау алдындағы үгіт-сайлаушылардың белгілі бір саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге қандай да бір саяси партияны кедергісіз жақтап немесе оған қарсы сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға: 1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына; 2) Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьяларға; 3) сайлау комиссияларының мүшелеріне; 4) діни бірлестіктерге; 5) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік БАҚ) әрі халықаралық ұйымдарға таратуға жол берілмейді.

Сайлау алдындағы үгіт: 1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; 2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу жолымен; 3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару әрі тарату жолымен жүзеге асырылады.

БАҚ арқылы үгіт жүргізуге келсек, мемлекет сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік береді.

Үгіт – көпшілік сайлау алдындағы іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы жүзеге асырылады. Үгіт кезеңінде саяси партиялар және кандидаттардың митингілер, шерулер, демонстрациялар әрі өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар ұйымдастыруы мен өткізуіне жол беріледі. Заңнамаға сәйкес, мұндай іс-шаралар өткізілгенге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс. Үгіттеу – баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару әрі тарату жолымен жүзеге асырылады.

«Сайлау күні мен оның қарсаңындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. Сайлау алдындағы үгіт мерзімдерін, тәртібі және шарттарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік, ал саяси партияларға қатысты партиялық тізімдерді тіркеудің күшін жоюға дейін көзделген», – дейді Шегорцова.

Бұған қоса оның мәліметінше, сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу күні – 2020 жылғы 30 желтоқсан болып белгіленді.

Сонымен бірге бүгін партиялардың бюллетеньде қандай ретпен жазылатыны да анықталды. Жеребе нәтижесінде олар мынадай тәртіппен орналасады:

  1. «Қазақстан халық партиясы»
  2. «Nur Otan» партиясы»
  3. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы»
  4. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы»
  5. «ADAL» саяси партиясы».

Сайлау учаскелеріне барлығы 12 038 433 бюллетень жеткізіледі. Бюллетеньдер сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын әрі бір күн бұрын жеткізіледі. Бюллетеньдер орналасқан үй-жайға мөр басылып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылады.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: кезеңіҚазақстансайлауүгіт-насихат
Алдыңғы жаңалық

АҚШ-қа аттанған иттің Instagram аккаунты ашылуы мүмкін

Келесі жаңалық

Құмар ойыннан кіріс тапқан лауазымды құтқарушылар құрықталды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Құмар ойыннан кіріс тапқан лауазымды құтқарушылар құрықталды (ВИДЕО)

Құмар ойыннан кіріс тапқан лауазымды құтқарушылар құрықталды (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться