21 қыркүйек күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды DalaInform.
«Қазір Covid-19 ауруынан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 97 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 науқастың халі аса ауыр деп бағаланып отыр. 17 азамат өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – делінген деректе.
Бұған қоса 45 адамның вирус жұқтырғаны, 62 науқастың пневмониямен ауырғаны белгілі болды. Екі індеттен барлығы 5 азамат көз жұмды.