• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Елімізде патент жүйесін жетілдіруді көздейтін заң жобасы мақұлданды

Заң жобасын парламенттің төменгі палатасы мақұлдады

Жаңалықтар, Қазақстан, Саясат, Технология
Елімізде патент жүйесін жетілдіруді көздейтін заң жобасы мақұлданды
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс еуразиялық патенттеу жүйесінің сегіз елінде патент алуға бағытталған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды DalaInform әділет министрлігіне сілтеме жасап.

​Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар әділет министрі Марат Бекетаев ұсынған «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасының мақсаты – өңірлік патенттеу жүйесін жетілдіру.

«Халықаралық патенттеу кезінде әрбір мемлекетте жеке өтінімдер беру және жекелеген баждарды төлеу қажеттігі әкімшілік кедергі саналады. Қазақстан өтінім берушілері үшін өңірлік жүйенің артықшылығы – сегіз мемлекеттің аумағында бір мезгілде қорғау алу үшін еуразиялық патенттік ведомствоға жүгіну мүмкіндігі», – деді әділет министрі.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің өнеркәсіптік үлгісіне алған патенті еуразиялық патенттеу жүйесіне қатысушы 8 мемлекетте (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан) қолданыла алады. Осылайша, аталған барлық елде бір басымдық күнін белгілеуге мүмкіндік болады.

Марат Бекетаев өз сөзінде атап өткендей, өңірлік патент еуразиялық нарыққа бағдарланған отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Атап өтсек, 2019 жылғы 9 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қойылды. Хаттаманы ратификациялау мақсатында әділет министрлігі тиісті заң жобасын әзірледі.

Тегтер: еуразияҚазақстанМәжіліспатент
Алдыңғы жаңалық

Ешкім 42 500 теңгені қайтаруға міндетті емес. Желідегі ақпарат жұртты дүрліктірді

Келесі жаңалық

Қазақстан бірнеше елмен әуе рейстерін қысқартады

Келесі жаңалық
Қазақстан бірнеше елмен әуе рейстерін қысқартады

Қазақстан бірнеше елмен әуе рейстерін қысқартады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться