23 қараша – 29 қараша аралығында Қазақстанда 44 науқас ковидтен қайтыс болды. Ең көбі шығыс өңірде тіркелген, деп хабарлайды DalaInform.
«Шығыс Қазақстан облысында – 11, Алматы қаласында – 8, Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 6, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Ақмола облысында – 2, Атырау облысында – 2, Алматы облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Шымкент қаласында – 1 адам вирустан көз жұмды», – делінген мәліметте.
Елімізде COVID-19 салдарынан барлығы 2 034 науқас қайтыс болды.