Ақан серінің «Балқадиша» әнін әуелете шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленген азамат «Қазақконцерт» мекемесінде істейтін әнші Денисламбек Жайлаубек болып шықты деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
«Ел іші – өнер кеніші» деген рас-ау. Мына жігіт қай әншіден кем? Ақан серінің «Балқадишасын» Әміреден кейін нақышына келтіріп шырқап жатқан осы жігіт секілді көрінеді маған…
Бұл жігіт жайлы қысқа мәлімет те бар, уатсап арқылы келді. Онда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылында бір шаруашылықта мал бағатыны айтылыпты. Осындай таланттың малдың соңында жүруі обал сияқты», – деп пікір білдірді желі қолданушысы Нағашыбай Қабылбек.
Алайда өнер иесінің әріптестері елдегі облыстардың бірінде мал бағып жүріп, тойда ән айтты деген адамның «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы «Халық қазынасы» бөлімінде істейтін дәстүрлі әнші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Денисламбек Жайлаубай екенін жазды.