• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Діни басқарма желілік маркетингтің үкімін жариялады

Нақты тауар ұсынылуы және екінші тізбектен артық сыйақы алынбауы, артық ақша сұралмауы тиіс.

Экономика, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Талдау
Діни басқарма желілік маркетингтің үкімін жариялады

Көрнекі сурет - ашық дереккөзден

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы телеграм-арнасында желілік маркетингке қатысты шариғат және пәтуа бөлімінің үкімін жариялады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

«Желілік маркетинг» дегеніміз – тәуелсіз дистрибьютерлер (тауар өткізуші агент) желісін құру арқылы өнімді сату немесе қызмет түрін көрсету. Мұнда өнім делдал арқылы емес, өндіруші компаниядан тікелей тұтынушының қолына тиеді. Әрбір агенттің табысы өнімді сатқаны үшін берілетін үстемеақы және қол астындағы агенттерінен түскен сыйақыдан құралады. Өз тобына тіркелген агенттердің саны неғұрлым көбейген сайын, табыс та соғұрлым молайып отырады.

«Құранда Алла Тағала: «Бір-бірлеріңнің мал-мүліктеріңді арам жолмен жемеңдер («Бақара» сүресі, 188-аят)» деп бұйырады», – деп ескертеді дін мамандары.⠀

  • Шариғат тұрғысынан желілік маркетинг дұрыс (адал) кәсіп болу үшін төмендегі шарттар табылуы тиіс:
    ⠀
    компания мүшелерінің мақсаты әрі әрекеті жаңа клиенттерді тартып, солар арқылы делдалдық немесе сыйақы секілді ақшалай табыс табумен шектелмеуі тиіс. Керісінше, компания сауда-саттық немесе нақты қызмет көрсету негізінде құрылуы керек. Сондай-ақ компания тарапынан ұсынылған тауар немесе қызмет түрі шариғат тұрғысынан халал болуы шарт;
    ⠀
    ұйымға мүшелікке тіркелу алдын-ала төлемсіз (тіпті тауар сатып алу арқылы болса да) болуы шарт. Жұмысты ұйымдастырушы адамдар өзінің еңбегі немесе қызметі үшін ақы талап ете алады. Бірақ төлемін өнімнің немесе орындалған жұмыстардың өзіндік құнынан қымбат сұрауы дұрыс емес;
    ⠀
    компания мүшесі өнімді сату немесе қызмет көрсету арқылы жаңа клиенттерді тартуға міндеттелмеуі шарт;
    ⠀
    желілік маркетингке қатысушы адамның өзінің тікелей клиенттерінен сыйақы алуы дұрыс. Ал өзінен кейінгі 2-ші, 3-ші немесе тағы басқа тізбектегі клиенттердің есебінен сыйақы алу дұрыс емес. Өйткені мұндай кәсіп ешбір әрекетсіз немесе еңбексіз жасалған болып саналады. Сондықтан ол адал табысқа жатпайды;
    ⠀
    қатысушы тарап кез келген уақытта ерікті түрде қандай да бір кедергісіз ұйымнан шығып кету құқығына ие болуы тиіс («Желілік маркетингтің үкімі», 2018 жыл).

«Желілік маркетинг дұрыс болу үшін бірінші кезекте компанияның көрсететін қызмет түрлері мен ұсынатын тауарлары халал болуы тиіс. Жоғарыда айтылған шарттар толықтай табылмаған жағдайда ондай сауда түріне шариғатта тыйым салынады, оның табысы халал болмайды», – деп үкімін береді пәтуа бөлімінің сарапшылары.⠀

Бұған дейін, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, желілік маркетинг пен қаржы пирамидаларындағы алаяқтықтарға алданып қалмауға шақырған болатын.

Тегтер: Адаларамжелілік маркетингқаржы пирамидасыҚМДБқызметпәтуасауда-саттықтабыстауарүкімхалал
Алдыңғы жаңалық

Вице-министрлер вакцинаны екінші рет салдырды. Бас санитарлық дәрігер өзін жақсы сезінеді

Келесі жаңалық

Ешкімнің 42500 теңгеге күні қарап тұрған жоқ. Олимпиада чемпионы осылай дейді (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Ешкімнің 42500 теңгеге күні қарап тұрған жоқ. Олимпиада чемпионы осылай дейді (ВИДЕО)

Ешкімнің 42500 теңгеге күні қарап тұрған жоқ. Олимпиада чемпионы осылай дейді (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться