• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Депутаттар учаскелік полицейлердің жұмысы ауыр, жағдайы төмен деп есептейді

Үйлері жоқ, жартылай қираған ғимараттарда отырады. Басы артық жұмыс жүктеледі. Содан халықтың полицияға сеніміне селкеу түседі.

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Депутаттар учаскелік полицейлердің жұмысы ауыр, жағдайы төмен деп есептейді
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат депутаттары Үкімет пен Ішкі істер министрлігіне учаскелік инспекторлардың еңбек жағдайларын қайта қарауды, штат кестесін ұлғайтуды, еңбекақысын көтеруді және өзіне тән емес міндеттерден босатуды ұсынып отыр деп хабарлайды Dalainform тілшісі Жоғары палата ақпаратына сүйеніп.

Бүгін бір топ сенаторлар тиісті тәртіп сақшыларының қандай жағдайда қызмет атқаратынын көру үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы №14 және №22 учаскелік полиция пункттерінде болды.

Қолданыстағы нормативтер бойынша бір учаскелік инспекторға қалада – 2300, ауылдық жерлерде 1800 адамнан келуі тиіс. Ал іс жүзінде бүгінде орташа есеппен бір учаскелік инспекторға қалада 4000-ға дейін адам келеді, ауылдық жерлерде 5000-ға дейін жетеді.

«Соңғы кезде елімізде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар саны екі есеге жуық өсіп отыр. Бұл техникалық және материалдық базасы нашар, еңбекақысы төмен учаскелік инспекторларға едәуір ауыртпалық және соның салдарынан кадрлар көп тұрақтамайды. Статистика бойынша, учаскелік полиция қызметкерлерінің жартысынан азы ғана үш жылдан көп уақыт қызмет етуге шыдайды», – дейді сенатор Андрей Лукин.

Сенат депутаттарының ақпараты бойынша учаскелік инспекторлар күн сайын селекторлық кеңестерге қатысады. Кейіннен нұсқаулық өткізіледі, ол көбінесе күндізгі 11-ге дейін жалғасады. Жалпы, учаскелік инспекторларды спорттық, мәдени іс-шаралар, жоғары лауазымды шенеуніктердің сапарлары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін негізгі жұмыстан алшақтату барлық өңірлерде қалыпты жағдайға айналған.

Осылайша, бүгінде учаскелік инспектор өзіне тән емес функцияларды орындауға орта есеппен 14-тен 16 сағатқа дейін уақыт жұмсайды. Бұл оның қажет кезде учаскеде болмауына және алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігіне әкеледі. Мұндай жағдай әсіресе, бір учаскелік инспектор бір-бірінен едәуір қашықтықта (кейде 70 шақырымға дейін), сондай-ақ, аудан орталығынан (кейде 400-500 шақырымға дейін) орналасқан 3-5 елді мекенге қызмет көрсететін ауылдық жерлерге қатысты.

Бұл жүктелген міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ, халықтың полицияға деген сеніміне селкеу түсіреді. Соның салдарынан учаскелік инспекторлар тікелей міндеттерімен тәулігіне 2-3 сағат қана айналысады.

«Учаскелік инспекторлар өте қолайсыз жағдайда, жартылай қираған ғимараттарда, жылу, жарық, табиғи жарық, санитарлық тораптар, қажетті ұйымдастыру техникасы жоқ жерлерде жұмыс істеуге мәжбүр. Елордадағы жағдай да осындай», – дейді Андрей Лукин.

Үш мыңға жуық учаскелік полиция пункттерінің 40 пайызында телефон байланысы жоқ, 1700-ден астамы әкімдіктер мен өзге де ұйымдардың ғимараттарында орналасқан. Онда күнделікті жұмысты жүзеге асыру, жеткізілген адамдарды ұстау үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Олар әкімдіктер мен басқа да ұйымдардың мамандарымен бір кабинетте отыруға мәжбүр. Одан бөлек, 1750-ге жуық учаскелік пункт ІІМ мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ақпараттық жүйелеріне қосылмаған, жартысынан көбі жөндеуді қажет етеді.

Сенат депутаттары учаскелік инспекторларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударып, жергілікті атқарушы органдар мен салалық мекемеден оны оң шешуді сұрайды. Шалғай ауылдық аудандардағы инспекторлардың жартысы қызмет орны бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген, бұл жедел әрекет ету үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады. Республикалық қамтамасыз етудегі ІІО басқа қызметтерімен салыстырғанда учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілеріне тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақы төленбейтінін де атап өткен жөн.

Қызметтік автокөліктің, радиостанциялардың, кеңсе техникасының жағдайы жақсы емес. Ұйымдастыруға қатысты көп проблеманың болуы учаскелік полиция инспекторларының өз міндеттерін сапалы орындауына мүмкіндік бермейді. Ал полицияның келбеті мен халықтың оған деген сенімін арттыру көбінесе учаскелік инспекторларға байланысты.

Тегтер: әлеуметтік жағдайдепутаттарполицияСенаттәртіптұрмыстық кикілжіңдеручаскелік инспекторлар
Алдыңғы жаңалық

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне бірқатар тапсырма берді

Келесі жаңалық

Қазақстандық жас әнші америкалық ірі байқаудың ақтық сынына өтті (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Қазақстандық жас әнші америкалық ірі байқаудың ақтық сынына өтті (ВИДЕО)

Қазақстандық жас әнші америкалық ірі байқаудың ақтық сынына өтті (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться