• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Бұрынғы ауылшаруашылық министрі ветеринария саласын жемқорлық жайлағанына алаңдады

Мал дәрігерлерінің жалақысы да мардымсыз - 100 мың теңгенің төңірегінде. Аса қауіпті аурулар жасырылып, субсидиялар заңсыз алынуда.

Экономика, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Бұрынғы ауылшаруашылық министрі ветеринария саласын жемқорлық жайлағанына алаңдады

Сенатор Ақылбек Күрішбаев

Share on FacebookShare on Twitter

Бұрынғы ауылшаруашылық министрі, қазіргі сенатор Ақылбек Күрішбаев ветеринария жүйесінің жай-күйі нашарлағанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Үкімет басшысына жолдаған сауалында, депутат, мұның себебі кезіндегі біртұтас ветеринария жүйесінің бөлінуі және қадағалау функциясының әлсіреуі деп түсіндірді.

 «Тиімсіз реформаның соңы неге алып келгенін біздің жағдайымызға бейімделмеген малды жаппай импорттап, онымен бірге бұрын бізде болмаған көптеген экзотикалық жұқпалы ауруларды таратуға сеп болған «Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру» жобасының мысалынан көруге болады. Осы уақытқа дейін қоғамда импортталған малдың қалай бейімделгені туралы, олардың қаншасы ауру болып шыққаны, қаншасының жойылғаны, қандай ауру түрлерін әкелгені және қандай ауқымда таралғаны жөнінде ақпараттар берілген жоқ», – деп атап көрсетті Ақылбек Күрішбаев.

Сенат депутатының айтуы бойынша аса қауіпті аурулардың таралу деректерін жасыру жаппай етек алып, күрделі мәселеге айналды, ал бұл эпизоотиялық жағдайды нақты бағаламаудан және ветеринариялық іс-шараларды дұрыс жоспарламаудан туындаған келеңсіз жағдайлардың басты себебі болды.

«Жуырдағы жоғары патогенді құс тұмауының өршуі ветеринария саласының қауқарсыздығын айқын көрсетті, оның салдарында құс шаруашылығы өнеркәсібінің бірқатар кәсіпорындары жылдар бойы өсірген құс басынан айырылды, оған қоса қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайында республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге мәжбүр болып отырмыз», – дейді сенатор.

Сенат депутаты ветеринария жүйесінің елдегі жемқорлық жайлаған салалардың біріне айналғанына алаңдаушылық білдірді. Мұның себебі – жалақының мардымсыз деңгейі (мал дәрігерінің орташа айлық жалақысы 80-100 мың теңге шегінде), зиянды еңбек жағдайы үшін үстемеақының болмауы, материалдық-техникалық базаның артта қалуы. Ал ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау және есепке алу жүйесінде, оларға қатысты бірыңғай ақпараттар дерекқорын қалыптастыруда цифрлық технологиялардың тиісті деңгейде енгізілмеуі – мал дәрігерлеріне субсидияларды заңсыз алу мақсатында шаруашылық субъектілерінің жануарлары туралы ақпаратты түзетуге жол беріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлық ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алу жүйесін де терең жайлап кетті, бұл – саланың сапасыз вакциналар мен диагностикумдармен жабдықталуына себеп болды. Ветеринарлық қызметтің негізгі түрлерінде мемлекеттік монополияның басым болуы және жергілікті жерлерде кадрлардың тапшылығы ветеринария саласына жеке капиталдың келуін іс жүзінде тоқтатып тастады», – дейді Ақылбек Күрішбаев.

Сенатор ветеринариялық инспекторлардың жалақысын көбейтумен қатар, еңбектің зиянды жағдайы үшін, олардың аса қауіпті ауруларды жұқтыру қатерінің болуын ескере отырып, үстемеақы төлеуді көздеу қажет екенін нұсқады.

Депутат ветеринария және жануарларды есепке алу жүйесіне қазіргі заманғы цифрлық технологияларды енгізуді жеделдету, жоғары оқу орындарында ветеринария мамандарын даярлау жүйесін оқу процесін ғылыми-зерттеу қызметімен интеграциялау, ветеринариялық зертханалар жүйесін орталықсыздандыру және референттік-бақылау функцияларын күшейту жолымен реформалау маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар, ол, елімізде өндірілетін және мемлекеттік тапсырыс бойынша сатып алынатын ветеринариялық препараттардың сапасын бақылаудың тәуелсіз жүйесін құру қажеттігіне назар аударды.

Тегтер: Ақылбек Күрішбаевауылшаруашылықветеринарияжемқорлыққауіпті аурулармал дәрігерлеріСенатсубсидия
Алдыңғы жаңалық

Әлемде жоқ мешіт Қазақстанда салынып жатыр (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Шуда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Шуда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды (ВИДЕО)

Шуда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться