• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Қазақстанның ұтқан тұсы – қайтыс болғандар туралы ақпаратты ашық жариялады

Сонымен қатар президент пандемияны жеңу үшін қанша уақыт қажет екенін айтты

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Саясат, Экономика
Абай айт­қан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз» деді. Бұл туралы DalaInform тілшісі хабарлайды.

«Пандемия барлық мемлекет үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болды. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы біз азаматтардан еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл кейбір мемлекетке қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы», – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ мемлекет басшысы пандемияны жеңу үшін қанша уақыт керек екенін болжады.

«Пандемия бойынша ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, пандемияны жеңу үшін кем дегенде екі жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейміз. Осыған дайын болуымыз керек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз қажет. Барлық шешім мұқият тексерілген бол­жам­дарға негізделуге тиіс. Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттеме орын­далады. Бұл мақсатқа ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде еңсереміз. Дегенмен еліміздің жаңа геосаяси ахуалдағы ұзақ мерзімді дамуын естен шығармауымыз керек. Қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. Дей тұрғанмен, болашақта көш бас­тайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында пандемия кезінде қазақстандықтарға қандай көмек көрсетілгенін де егжей-тегжей баяндап берді.

Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі негізгі даму мақсаттары жайында айтып, жолдаудың басым бөлігін экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арнап отыр.

Мемлекет басшысының екінші жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфирде көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: ЖолдаукоронавирусҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевпандемияПарламентҮкіметхалық
Алдыңғы жаңалық

Өзбекстан азаматтары 5 миллион теңгенің алтынын үптеп кетті

Келесі жаңалық

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуды тапсырды

Келесі жаңалық
Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуды тапсырды

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуды тапсырды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться