• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Технология

Биыл цифрлық телехабар желісі халықтың 90 пайызын қамтыды

2020 жылы халықтың 89,42 пайызы цифрлық телехабар таратуға қол жеткізді

Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Технология
Биыл цифрлық телехабар желісі халықтың 90 пайызын қамтыды
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл бұған қоса еліміздің 800 мыңға тарта азаматы цифрлық эфирлік телехабар таратуға қол жеткізді, деп хабарлайды DalaInform «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізіп, аналогтық жүйені өшіру жобасы қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Сапалы телевизияны ендіру жұмыстары аясында телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ радиотелевизиялық станциялар тұрғызып, модернизациялауда.

2020 жылдың өзінде ғана 43 радиотелевизиялық станция: Солтүстік Қазақстан облысында 13, Қызылордада 16, Шығыс Қазақстан облысында 6, Ақтөбеде 5 және Ақмола облысында 3 РТС қолданысқа енгізілді. Бұл станциялардан тарайтын сигнал аталған аумақтардағы 684 елді мекен немесе 800 мыңға тарта тұрғынды қамтиды.

Сонымен қатар, қазір Қарағанды облысында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне 5 РТС тестілеу тәртібінде іске қосылған. Сынақ жұмыстары сәтті аяқталған соң «Жастар», «Осакаровка», «Қантай», «Сұңқар» мен «Пионер» радиотелевизиялық станциялары қолданысқа енгізіледі. Бұл РТС-тердің қамту аумағына Қарағанды облысының 25 елді мекені енеді.

Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізу жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірқатар облыс жаңа жүйеге толықтай көшті. Атап айтқанда Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласында аналогтық телехабар тарату жүйесі өшірілді.

Биыл цифрлық эфирлік телевизияға толықтай көшу Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру 2022 жылы аяқталады деп көзделген. «Цифрға» көшу үшін барлығы 827 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, жетілдірілуі тиіс.

2020 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша, 518 РТС қолданысқа енгізіліп, цифрлық сигнал ел халқының 89,42 пайызын қамтып отыр.

Тегтер: Қазақстанцифрлық телевизия
Алдыңғы жаңалық

Облыс әкімі мен ірі кәсіпкерлер жетімдерді жеке қолдауына алды

Келесі жаңалық

Бас прокуратура онлайн жобаны сынақтан өткізе бастады

Келесі жаңалық
Бас прокуратура онлайн жобаны сынақтан өткізе бастады

Бас прокуратура онлайн жобаны сынақтан өткізе бастады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться