• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Биыл 10 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды. 5%-ы ғана зейнеткерлер

Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 миллионнан астам қандасымыз оралған.

Басты жаңалықтар, Әлем, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Саясат, Экономика
Биыл 10 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды. 5%-ы ғана зейнеткерлер

Көрнекі сурет

Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 9,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Жалпы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасына 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға оралмандардың жартысынан көбі (59,1%) Қытайдан, 25,6% Өзбекстаннан, 8,8% Түркіменстаннан, 3,5% Моңғолиядан және 3% басқа елдерден атажұртына табан тіреді.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (54,6%) және Маңғыстау (12,7%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,1%) қоныстанды.

«Келушілердің ішінде 60%-дан астамы еңбекке жарамды жаста, ал шамамен 5%-ы ғана зейнеткерлер. Оралман мәртебесін алғандар, Қазақстан азаматтарымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар аясында, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алады», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитеті көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов.

Айта кету керек, 2019 жылдың осы кезеңінде 9,6 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды, оның ішінде 53% Өзбекстаннан, 26% Қытайдан, 21% Моңғолиядан, Түркіменстаннан және басқа елдерден келді.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен, «оралман» термині «қандас» сөзіне ауыстырылуда.

Тегтер: АлматыатажұртҚазақстанқандасҚытайМаңғыстауМоңғолияНұр-СұлтаноралманШымкент
Алдыңғы жаңалық

Жабылып қалған Tengri Bank салымшыларының ақшасы қайтарылады

Келесі жаңалық

Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке сайланды

Келесі жаңалық
Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке сайланды

Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке сайланды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться