• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

Білім беру ұйымдарында жаңажылдық шаралар өте ме

Бұл сұрақты ата-аналар жиі қояды екен

Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Талдау
Білім беру ұйымдарында жаңажылдық шаралар өте ме
Share on FacebookShare on Twitter

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы COVID-19 инфекциясының қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

«Биылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша, қалада 17 972 (+60) COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде: 16 465 науқас (92%) сауығу нәтижесімен аяқталды; 1151 стационарлық және амбулаториялық емдеу алуда; 356 өлім жағдайы (1,9%). Тәулігіне барлығы 3712 зерттеу жүргізілді, оның 60-да оң нәтиже. Жергілікті жағдайлар – 53, сырттан келген жағдайлар – 7 (ҚР ішінде – 5, Қазақстаннан тыс жерлерден – 2: Испания -1 жағдай, Германия – 1 жағдай). Қыркүйек айында, қазан айының алғашқы он күнінде қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланды. Бірақ қазан айының екінші жартысынан бастап репродуктивті сан 1-ден асты, сондықтан астана «сары аймаққа» көшті. Шаһар 10 желтоқсанға дейін «сары аймақта» болды, әрі қарай «қызыл аймаққа» ауысып бір апта тұрды. Нұр-Сұлтанда жүргізіліп жатқан шектеу және карантиндік шаралардан аурушаңдықтың төмендеуі байқалды. Нәтижесінде бас қала «жасыл аймаққа» ауысып, әрі қарай 22 желтоқсаннан «сары аймаққа» көшті. Елорда қазір «сары аймақта» тұр. Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ соңғы 2 аптада инфекциялық ауруханалардың жүктемесі (төсек-орынның 41%-дан 36%-ға дейін төмендеуі) және тұрғындардың COVID-19-пен медициналық көмекке жүгінуі (тәулігіне 30-дан 17-ге төмендеуі) бойынша аздаған оң тенденцияны ескеріп, қаладағы кейбір жекелеген қызмет түрінің жұмыс режимдерін қайта қарау туралы шешім қабылданды», – деді Пірәлиева арнайы брифинг барысында.

Бұған қоса астана қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова өз саласы бойынша баяндама жасады. Ол оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтқан еді. Маман екінші тоқсанның қалай өткенін айтып, білім саласындағы басқа жаңалықтарын да бөлісті.

«Екінші тоқсанның аяқталуына да санаулы күн қалды. Осы тоқсанды қортындылайын. Өздеріңіз білетіндей, екінші тоқсан қашықтан және кезекші сыныптар режимінде өтті. Білім беру ұйымдарында оқу жоспарының барлық пәні бойынша бағдарламалық материал толық орындалды. Шаһардың барлық мектебінде 1-5 сыныптар аралығында 3 246 кезекші сынып ашылып, онда 46 мыңнан астам оқушы білім алды. 3-15 желтоқсан аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізілді (1 БЖБ), ал 21-29 желтоқсан аралығында тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіліп жатыр (1 ТЖБ). Екінші тоқсанда білім беру ұйымдары синхронды және асинхронды сабақтарды өткізу үшін отандық OnlineMektep және DarynOnline интернет-платформаларын пайдаланды. Сонымен қатар екінші тоқсанда «Елордалық электронды мектеп» платформасы әзірленді. Онда білім берудің барлық деңгейі бойынша 5295 авторлық бейнесабақ жүктелді. Платформаға келушілердің өсуі байқалады. Қаралым саны 10 миллионнан асады», – деді Қадырова.

Бұнымен бірге ол кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы екінші жартыжылдық жайлы сөз қозғады. Оның айтуынша, екінші семестрден бастап кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1 курстың 8223 студенті аралас форматта оқиды. Яғни, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтық  режимде өтеді. Колледждердің 100%-ы білім берудің ақпараттық ресурстарында жұмыс істейді. Штаттық режимде оқыту 15 студенттен аспайтын шағын топтарда жүргізіледі (аудиторияның толтырылуы 50% – дан аспайды). Өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар толық немесе ішінара кәсіпорындар базасында немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (мамандықтардың ерекшелігіне байланысты) шағын топтарда қашықтықты сақтай отырып жүреді. Студенттерді жатақханада орынмен қамтамасыз ету 2 693 орынға арналған 15 жатақхана есебінен шешіледі. Бүгін орынға мұқтаж, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып жатқан 1281 студент жатақханамен қамтамасыз етілген.

«Білім алушыларға арналған жаңажылдық мереке жайлы да айтқым келеді. Қазір көптеген ата-ананы «білім беру ұйымдарында жаңа жылға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді?» деген сұрақ мазалайтынын білемін. Жаңа жыл – бұл жай ғана мереке емес, бұл әр бала үшін ғажайып белгісі іспеттес. Бұрын жаңа жыл қарсаңында білім беру ұйымдарында шыршалар безендіріліп, әдемі киімдерсіз және тәтті сыйлықтарсыз өтпейтін. Алайда карантиндік шектеу шараларына байланысты білім беру ұйымдарында жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге жол берілмейді. Бүгін мектепке дейінгі ұйымдарда әрбір топта барлық санитарлық талапты сақтай отырып, ата-аналардың қатысуынсыз «Қош келдің, жаңа жыл» тақырыбында мерекелік сабақтар өткізіліп жатыр. Жаңажылдық сабақтарды өткізу үшін топтар тақырыпқа сәйкес безендірілген. Әр топқа шырша мен ертегі кейіпкерлері орнатылды. Мерекелік сабақтар сценарийіне сәйкес, әр бала мерекелік киіммен қатысады. Сонымен қатар Қазақстан президенті және Нұр-Сұлтан әкімінің атынан мектеп оқушыларына жаңажылдық сыйлықтарды табыстау бойынша жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Президент атынан жаңажылдық сыйлық жиынтығы ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға беріледі. Кеше, 24 желтоқсанда балаларға жаңажылдық сыйлықтар, яғни –  президенттің құттықтау хаты, кітап және дүкендерден киім сатып алуға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен үстел ойыны табысталды. Сонымен қатар 25 желтоқсан күні бас қала әкімінің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтықтары аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға және әртүрлі жетістікке жеткен дарынды 450 балаға табысталады. Балаларға жаңажылдық сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар санитарлық нормаларды сақтай отырып, баланың үйіне барып салтанатты түрде табыстайды. Жаңажылдық іс-шаралар барлық білім беру ұйымында бекітілген жоспарға сәйкес, онлайн форматта өтеді», – деді Ш. Қадырова.

Ол сөз соңында қысқы демалыстағы шаралар жайлы да айтып, қысқы демалыс 31 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жалғасатынын еске салды. Осы мақсатта әр мектепте әзірленген іс-шаралар жоспары аясында «Жаңажылдық астана» фото-акциялары, «Аяз Ата шеберханасы» интернет-конкурстары, «Қауіпсіз демалыс» интерактивті ойындары, «Экошырша» шеберлік сыныптары, «Үздік жаңажылдық құттықтау» челлендждері және тағы басқа шаралар өткізіледі. Карантиннің қатаңдатылуына байланысты барлық шара онлайн режимде өтеді.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: жаңа жылҚазақстанНұр-Сұлтаноқушылар
Алдыңғы жаңалық

Терроризмге қарсы шара: Солтүстік Қазақстанда тексеріс өтті

Келесі жаңалық

Қуат Хамитов қайтадан қалыңдық іздеуге кірісті

Келесі жаңалық
Қуат Хамитов қайтадан қалыңдық іздеуге кірісті

Қуат Хамитов қайтадан қалыңдық іздеуге кірісті

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться