Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
«Кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы көз жұмған 182 медицина қызметкерінің отбасыларына, сондай-ақ қызмет атқару кезінде COVID-19-бен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлеу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне медицина қызметкерлерінің қайтыс болу деректері бойынша өтемақы төлеуді үстіміздегі жылдың 13 қазанында аяқтауды тапсырамын. Сондай-ақ ағымдағы жылғы 17 қазанда өңірлік комиссияларда өтінімдері қаралған, жұмыс кезінде ауырған дәрігерлерге өтемақы тағайындауды аяқтауды қамтамасыз ету қажет», – деді ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ведомствоаралық комиссия қорғаныш маскаларына 40 теңге, бірреттік медициналық маскаларға 60 теңге мөлшерінде шекті бөлшек сауда бағасын белгіледі.
Сондай-ақ, ПТР тестілеу бағасын төмендету мәселесін пысықтауға, 3 күндік мерзім айқындалды.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және инфекция ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында«Saqbol» ұялы телефон қосымшасын енгізілмек.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресейде масканың құны 20-30 теңге екенін естігеніп айтып, жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне елдегі нарыққа мониторинг жүргізуді нұсқады.