Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтарда басталатын болды, деп хабарлайды DalaInform ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
ІІМ елдегі әрі әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылы басталуы тиіс дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылға ауыстырылатынын жеткізді.
«Короновирустық инфекция пандемиясы мен Covid–19-дан туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтарда басталады. Тиісті өзгерістер «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңға енгізіледі», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Дактилоскопиялық ақпарат – адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның қолдарының саусақтарының және (немесе) алақандарының бедерлері туралы биометриялық деректер.