• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Министрлік: Жайылымдық жердің жетіспеушілігі халықтың наразылығын күшейтеді. Әкімдіктердің жұмысы сын көтермейді

30 миллион гектар жайылым жер жетіспейді. Ауыл халқы малын алысқа жаюға ерінеді.

Экономика, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Саясат
Министрлік: Жайылымдық жердің жетіспеушілігі халықтың наразылығын күшейтеді. Әкімдіктердің жұмысы сын көтермейді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров

Share on FacebookShare on Twitter

«Мемлекет басшысы өз жолдауында ер шетелдіктерге сатылмайтынын атап өтті. Ауылшаруашылық жерлері шетелдіктерге еш уақытта сатылмаған, сатылмайды да» деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Dalainform тілшісінің министр Сапархан Омаровтың атына жіберген сауалдар жауабында.

2021 жылдың 31 желтоқсанда Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий мерзімі аяқталмақ. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция тартудың өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша ұсыныстар қоғаммен бірлесе ашық түрде талқыланып, тиісті шешім қабылданатын болады деп сендіреді министрлік өкілдері.

Аталған мәселе 2021 жылдың заң жобаларының жоспарына енгізілген.

Жайылымдық жер тұрғысында. 2019 жылдың аяғында министрлік барлық аудандар мен ауылдық округтерге бекітіліп берілген жайылымдарға егжей-тегжейлі талдау жүргізген. Оның нәтижесінде барлық облыстарда, әсіресе оңтүстік өңірлерде жергілікті халық үшін жайылымдық жерлердің тапшылығы байқалатынын мойындайды құзырлы мекеме.

Мәселен, еліміздегі жайылымдар алаңы 20,9 млн гектарды құрауда. Жеке аулаларда 6,7 миллион мал басы бар десек, оған қосымша 32,4 млн га жер қажет етілуде.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдар бойынша заңбұзушылықтарды жою және оларды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы бірнеше рет хаттар жолданған, кеңестер өткізілген.

Мал жаю алқаптарының жетіспеуіне байланысты 2017 жылы «Жайылымдар туралы» заң қабылданса, ал 2018 жылғы 4 мамырдағы «Жер қатынастарын реттеу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен Жер кодексіне «жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін аналық мал басын күтіп-бағатын жайылымдарды айқындау туралы» ереже қосылған.

Заңның 15-бабы аясында, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес, шалғайдағы жайылымдарға ауыстырылуы тиіс.

«Мемлекет мұқтаждықтары үшін жерді алып қоюға, сондай-ақ жергілікті халықтың малдарын жайылымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Заң және Кодекс нормаларының болуына, сондай-ақ аталған шараларды жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдардың міндетіне жатқызылғанына қарамастан, әкімдіктердің осы бағыттағы жұмыстары сын көтермейді. Салдарында елдімекен тұрғындарының жеке малдарын жаю үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеушілігі халықтың наразылығының көбеюіне алып келмек және аталған мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет деп есептейміз», – дейді министрлік ресми жауабында.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, жоғарыда келтіргеніміздей, кенттер, ауылдық елдімекендер аумағының шегінде орналасқан жайылымдарда тек аналық мал басы жайылады, қалған мал басы шалғайдағы жайылымдарға жіберілуі тиіс деп санайды.

«Өкінішке орай, ауыл халқы елдімекендерден 30-40 және одан да көп шақырым қашықтықта орналасқан жайылым жерлермен пайдаланғысы келмейді, өйткені жануарларды күн сайын таңертең жайылымға шығарып, кешке үйге апару керек болады деп қателеседі», – дейді министрлік өкілдері.

Бұдан басқа, ҚР Президенті 2019 жылғы 17 қыркүйектегі тапсырмасының хаттамасына сәйкес, халыққа тиесілі мал басын жайылымдармен қамтамасыз ету мақсатында 10 жыл ішінде айналымға қосымша 50 млн га жайылымдық жер тартылатын болатынына уәде береді Сапархан Омаров басқаратын өкілетті орган.

Тегтер: ауылауыл шаруашылығы министрлігіжайылымжерЖолдауҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмал шаруашылығыСапархан Омаров
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда екі агенттік пен бір министрлік құрылды

Келесі жаңалық

Жаңа жүйе. Министрлік пойызға билет рәсімдеу жақсарды деп мәлімдеп отыр

Келесі жаңалық
Жаңа жүйе. Министрлік пойызға билет рәсімдеу жақсарды деп мәлімдеп отыр

Жаңа жүйе. Министрлік пойызға билет рәсімдеу жақсарды деп мәлімдеп отыр

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться