Экс-банкир Жомарт Ертаевқа прокурор 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны Алматының Алмалы аудандық сотынан белгілі болды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Онымен қоса, банк саласының бұрынғы ірі өкілінің мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін коммерциялық және қаржылық қызметпен айналысуына тыйым салынбақ.
Еске сала кетсек, оған RBK Bank-тен 144 млрд теңге ұрлады деген айып тағылды. Жомарт Ертаев өз кінәсін мойындады және қылмыстық істі тергеу барысына белсене атсалысып, келтірілген зардапты ішінара өтеген. Кәмелет жасқа толмаған балалары бар.
Іс бойынша аталмыш қаржы институтының басқарма басшылары болған Игорь Мажинов пен Марпа Жақыбаеваға және де Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге мемлекеттік айыптаушылар 8 жыл сұрауда.
Жомарт Ертаев Еуразия банкін басқарып жүргенде баспасөз мәслихатының бірінде ыңғайсыз сұрақ қойған журналистке су құйылған бөтелкені лақтырып, оны кейін пиар үшін жасалған қылық деп түсіндірді.