Атырау облысының тұрғыны тоңазытқыш есігімен қысқан итті жанашырлары Америка Құрама Штаттарына алып кетті, деп хабарлайды DalaInform «Доброе Сердце» ҚҚ-ға сілтеме жасап.
Олардың мәліметінше, Лаки (lucky аудармасы – жолы болғыш) деген жануарды Элин есімді АҚШ тұрғыны асырап алыпты.
Атап өтсек, мамыр айында итті қинап, оны тоңазытқыш есігімен қысып, тұншықтыруға тырысқан ер адамның видеосы желіде тараған еді. Кейін бұндай әрекетке Атырау облысы Еркінқала ауылының тұрғыны Марғұлан Жұматаев барғаны анықталды. Ол өз ісі үшін кешірім де сұрады. Ер адамның айтуынша, жануар оның кішкентай қызын қауып ала жаздаған және егіп қойған бау-бақшасын түгел бұзған. Ал одан соң сараптама барысында итте жарақат табылмаған соң жануарды қинау туралы қылмыстық істі тергеу тоқтатылғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram