• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Қамқорлықты күтім жасау ғана деп түсіну төмен ұғым. Атақты академик бала парызы жайлы ой толғады

Халықтың ықыласына бөленген ғалым ұрпағы өзінен мықты болғанын, елге пайдасы тигенін қалайды.

Басты жаңалықтар, Әлем, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Қамқорлықты күтім жасау ғана деп түсіну төмен ұғым. Атақты академик бала парызы жайлы ой толғады
Share on FacebookShare on Twitter

Баланың ата-анаға қамқорлығы тамақ беріп, күтім жасау ұғымының төңірегінде ғана болмауы керек. Ол өте төмен ұғым. Баланың әке-шешеге қамқорлығы ұғымын терең түсінген абзал.

Қазақ тағамтану академиясының президенті, 90 жастағы әйгілі қазақ ғалымы Төрегелді Шарманов қасиетті жұма күні өз парақшасында осылай ой толғады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

«Перзентіңнің елге пайдасы тиіп, абыройлы болса, ар-ұятын сақтап әулетке сөз келтірмесе – міне, перзенттің ата-баба жолына адалдығы, қамқорлығы осы. Ал әке-шешені киіндіру, тамағын беру, күтімін жасау, қаражат тауып, асырау деген қарабайыр ұғым. Ол баланың ата-анасы алдында атқарар табиғи міндеті. Соған ғана байланып қалмау керек», – дейді әлемдік денсаулық сақтау жүйесіне зор үлес қосқан ғалым.

Әкенің баланы асырауы пер­зентінің бойына ізгілік дәнін егіп, ел мен жердің нағыз азаматы болып қалыптасуына еңбек сіңіруі болуы тиіс екенін жазған профессор, ал баланың әкені асырауы – перзенттің өз ортасында түзу жүріп, адалдық туын жықпауы, адами қасиеттерді биік ұстауы, абыройлы болуы керек екенін нұсқады.

«Жалпы эволюция нені талап етеді? Кейінгі ұрпақтың мықтырақ болуы табиғат заңы. Өсу бар болғанда ғана эволюциялық даму бар. Сондықтан да бала әрдайым әкесінен озық болуы тиіс. Ұрпақ жалғастығы, эволюцияның басты қағидасы кейінгі ұрпақтың менен әлдеқайда мықты ­болуында», – деп даналықпен түйіндеді ойын абыз ақсақал ұлы Алмаз Шарманмен түскен суретін бөлісе отырып.

 

Тегтер: Алмаз Шарманата-анабалағалымданалықпарызтәрбиеТөрегелді Шармановхалық
Алдыңғы жаңалық

800 миллион теңгеден астам кіріс. Заңсыз ойынханалар 5 өңірді қамтыған (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Қазақстанда миллиардатаған сомаға жер қойнауларын кімдердің сатып алғаны белгілі болды

Келесі жаңалық
Қазақстанда миллиардатаған сомаға жер қойнауларын кімдердің сатып алғаны белгілі болды

Қазақстанда миллиардатаған сомаға жер қойнауларын кімдердің сатып алғаны белгілі болды

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться