Талдықорған қаласында автокөлігінде жедел қызметтердің арнайы белгісін қолданып, жол-көлік ережесін өрескел бұзған жасөспірім ұсталды деп хабарлайды Dalainform тілшісі полиция ақпаратына сүйеніп.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіні қарау барысында арнайы жарық және дыбыс мүмкіндіктерін қолданған жеңіл машина жүргізушісін байқаған. Сонымен қатар, балаң жігіт қала көшелерінде заңды белден басқан.
Қолға алынған шаралар нәтижесінде «Mercedes» көлік құрағы айыппұл тұрағына қойылып отыр. Ал Талдықорғанның жүргізуші куәлігі жоқ 17 жастағы тұрғынына қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылғаны мәлім болуда. Бұл дегеніңіз, қызыл түсті жарық аспаптарын орнату, жолдың қарсы бетіне шығып кету және басқаруға рұқсат жоқ көлікті айдау мәселелеріне байланысты шешім қабылданды.