• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Зейнетақы қаржысын алу үшін ашылатын шот арнайы қорғалмақ

Зейнетақы қаржысын тұрғын үйге немесе емге пайдалану үшін онлайн-платформада өтініш беру керек.

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Экономика
Зейнетақы қаржысын алу үшін ашылатын шот арнайы қорғалмақ

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова

Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қызметтің жаңа түрі – біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашуға және жүргізуге рұқсат беріп отыр деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Осылайша зейнетақы төлемдерін арнайы ағымдағы шоттан нысаналы мақсатына аудару арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге ақы төлеуге пайдалануға болады.

«Бұл зейнетақы қорының салымшысына қаражат арнайы ағымдағы шотқа аударғаннан кейін зейнетақы жинағының қауіпсіздігіне сенімді болуға мүмкіндік беретін бірегей заңнамалық бастама. Қаражат барынша қорғалатын болады, оларды салымшының өзге қарыздық міндеттемелері шеңберінде ешбір несие беруші есептен шығара алмайды. Аталмыш қаражатты салық берешегі бойынша өндіріп алу мүмкін емес, тіпті бұл ақша мүлікті тәркілеу туралы сот үкімдерінен де қорғалған. Осылайша, ешбір үшінші тұлға оларды талап ете алмайды», – дейді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің осылай жіті қорғалуын қамтамасыз ету үшін азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, отбасы және неке кодексіне, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Біржолғы зейнетақы төлемдері аударылатын арнайы ағымдағы шотты «ЖССБ24» мобильді қосымшасы арқылы және «Отбасы банк» АҚ сайтындағы бейнеқоңырау қызметі арқылы ашу қамтамасыз етілмек. Сәйкесінше, өтініш берушілерге банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Мұндай шотты ашуға байланысты операциялардың барлығын онлайн жүзеге асыру мүмкін болмақ.

Арнайы шот ашпай тұрып, қолжетімді соманы қандай мақсатта пайдаланғыңыз келетінін анықтап алуға кеңес беріледі. Оны нормативтік-құқықтық құжаттар бекітілгеннен кейін іске қосылатын онлайн-платформада жасауға болады.

Мемлекет басшысы 2021 жылдың 2 қаңтар күні қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойғаны белгілі.

Тегтер: арнайы шотемделузейнетақы қаржысын алуҚазақстанЛәззат Ибрагимоваонлайн-платформаОтбасы банкөтініш берутұрғын үй жағдайын жақсарту
Алдыңғы жаңалық

Әуеге көтерілген тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты. Зардап шеккендер жоқ

Келесі жаңалық

Газ жарылысынан анасы мен қызы зардап шекті. Электр жарығын жаққанда атылған

Келесі жаңалық
Газ жарылысынан анасы мен қызы зардап шекті. Электр жарығын жаққанда атылған

Газ жарылысынан анасы мен қызы зардап шекті. Электр жарығын жаққанда атылған

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться