• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Ақтөбе облысы кенішіндегі қайғылы оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды

Комиссияны еңбек министрлігі құрды

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Ақтөбе облысы кенішіндегі қайғылы оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне-Аралчинский» жерасты кенішіндегі төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаның мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды, деп хабарлайды DalaInform ведомствоға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 желтоқсан күні кешке жарылыс жұмыстарын орындау кезінде болған. Оқиға құрбандары – «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС қызметкерлері: тау-кен шебері Асхат Қайқанов, жарушылар Рустам Шәметов пен Денис Черный, жүргізуші Берік Жақыпов. Өлімнің болжамды себебі – көміртегі тотығымен улану. Кеніштегі жұмыстар тоқтатылды. Қызметкерлер жер бетіне шығарылды.

«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кенішке Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов, Хромтау ауданы әкімі Нағымжан Алдияров, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшылары барды. Еңбек министрлігі Ақтөбе облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Саламат Аманбаевтың төрағалығымен топтық жазатайым оқиғаның мән-жайын әрі себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрды», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ комиссия құрамына еңбекминге қарасты еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бас сарапшысы Рустам Рамазанов, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Самат Тәждәулетов, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті тау-кен металлургия өнеркәсібі және жарылыс жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Нұрсерік Сәрсенбаев кірді. Жұмыс беруші өкілі «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС бас директоры орынбасары Анжелика Шипилова, ал еңбек ұжымы өкілі Қуанышбек Жанаисов. Тексеріс нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Тегтер: Ақтөбе облысыеңбек министрлігікенішҚазақстан
Алдыңғы жаңалық

100 жасқа келген түркістандық қария Қазақстан азаматтығын алды (видео)

Келесі жаңалық

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады (видео)

Келесі жаңалық
фото: Ақорда

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады (видео)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться